Дәрістердің қысқаша жазбасы



бет16/20
Дата04.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#54775
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
7 – тақырып Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электрліхимиялық процестер (3 сағат)
Дәріс жоспары
1.Тотығу дәрежесі.
2.Ең маңызды тотықтырғыштар мен тотысыздандырғыштар.
3.Тотығу және тотықсыздану процесстері.
4.Тотығу тотықсыздану реакциаларына теңдеулер құру.
5. Электрохимиялық үрдістер.Стандартты электродтық потенциал.
6.Электрохимиялық процесстердің анықтамасы, классификациясы. 7.Электродтық потенциалдар. Гальваникалық элементтер. Электр қозғаушы күш, оны есептеу. Нернст теңдіктері.
8.Электролиз. Электродтық процесстер ,Фарадей заңдары.

Қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесі (тотығудың дәрежесінде) сол элементтің атомынан басқа атомға ығыстырылған электрондарсанымен,басқа атомдардан берілген элементтің атомына (тотығудың теріс таңбалы дәрежесінде) ығысумен аныкталады. тотығу дәрежесін аныктау үшін келесі ережелерді еске алу керек:


1) элементтің тотығу дәрежесі жай заттарда 0-ге тең деп алынады;
2) молекуланың құрамына кіретін барлык атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы 0-ге тең;
3) қосылыстардың тотығу дәрежесі тұрақты болатын сілтілік металдар (+1), жерсілтілік металдар (+2), сутегі (+1 металдардың гидридтерінен басқа), оттегі (+2, пероксидтерден басқа).
Мысалы, NH3, N2N4, NH2, N2O, NO, HNO2,NO2, HNO3 қосылыстарында тотығу дәрежесі: -3, -2,-1, +1,+2, +3, +4, +5-ке тең болады.
тотығу-тотықсыздану реакциялары – деп нәтижесінде әрекеттесуші заттар құрамына кіретін бір немесе бірнеше элементтердің тотығу дәрежесі өзгеретін реакциялар аталады.
Тотығу дегеніміз - тотығу дәрежесінің өсуімен жүретін атомның электрон беруі.
Тотықсыздану – тотығу дәрежесінің төмендеуімен жүретін атомның электронды қосып алуы. электрон қосып алушы элемент тотықтырғыш деп аталады. Электрон беретін элемент тотықсыздандырғыш деп аталады.
Тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар
Тотығуы ең жоғары дәрежесінде элементтер тек қана тотықсыздана алады. Себебі, олардың атомдары электрон қабылдауға ғана жарайды. Мысалы, S+6, N+5, Mn+7,Cr+6 және т.б.
Тотығудың ең төменгі дәрежесіндегі элементтер тек қана тотыға алады. Себебі, олардың атомдары электрон беруге ғана ыңғайлы. Мысалы, S-2, N-3, I-1 және т.б.
Тотығудың аралық дәрежесіндегі элементтер 2 жақты: тотыға да, тотықсыздана алады. Мұндай жағдай реакцияға түсетін элементтерге және реакция жүргізу жағдайына байланысты электронды қабылдай да, бере де алады.
Ең маңызды тотықтырғыштар
1. Элементар ең маңызды тотықтрғыштар бейметалдар (F2, Cl2, Br2, I2, O2) тотықтырғыш роліндегі галогендер -1 тотығу, оттегі-2-ге ие болады.
2. Құрамында оттегі болатын қышқылдар мен тұздар арасында біршама маңызды тотықтырғыштар KМnO4, K2CrO4, K2Cr2O7, концентрацияланған күкірт қышқылы, азот қышқылы және нитраттар, галогендердің оттекті қышқылдары. Mn+7 тотықтырғыш ретінде ортаның қышқылдығына байланысты алуан түрлі өнімдерге дейін тотықсыздана алады: қышқыл ортада – Mn2+ке дейін, бейтарапта MnO2 –ге дейін сілтілікте MnO4-2 –ке дейін
5K2SO3+2KMnO4+3H2SO4=6K2SO4+2MnSO4+3H2O,
3K2SO3+2KMnO4+H2O =3K2SO4+2MnO2+2KOH,
K2SO3+2KMnO4+2KOН=К2SO4 +2K2MnO4+H2O
Калий хроматы және дихроматы құрамында Cr+6 ионы болуы арқасында тотықтырғыш ролін атқарады, ол Cr+3 ионына дейін қайта тотықсызданады
K2 Cr2O7 +3H2S+4H2SO4=Cr2(SO4)3+3S+K2SO4+7H2O.
Концентрленген күкірт қышқылының H2S+6O4 дәрежесі арқасында тотықтырғыш қасиет көрсетеді, ол тотықсызданып +4 (SO2), 0 ( күкірт), немесе –2 (H2S) дейін тотықсыздана алады (тотықсыздандырғыш күйі күшті болса, күкірттің тотықсыздануы терең жүреді)
Cu+2H2SO4=CuSO4+SO2+2H2O,
3Mg+4H2SO4=3MgSO4+S+4H2O,
4Zn+5H2SO4=4ZnSO4+H2S+4H2O
Азот қышқылы НNO3 құрамындағы азоттың “+5” тотығу дәрежесіне сәйкес тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді. Тотықтырғыш қасиет оның концентрациясының өсуімен күшейе түседі
қышқыл концентрациясы

NO2, NO, N2O, N2, NH4+

тотықсыздану қасиеті
Галогендердің оттекті қышқылдары (HOCI, HCIO3, HBrO3 және т.б.) және олардың тұздары әдетте галоген қышқылдарының –1 (хлор және бром жағдайында) немесе 0 (йод болса) дәрежесіне дейін тотықсызданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет