Дәрістік кешен 1 ДӘріс мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері



бет31/51
Дата21.06.2022
өлшемі284,56 Kb.
#37154
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
ІI жартыжылдық
Сурет салу.
Заттық сурет салу.
Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) заттарға қарап отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Олардың сипаттық белгілерін байқауға үйрету. Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.
Келесі біліктерді қалыптастыру:
1) түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей білу;
2) жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;
3) жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;
4) қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;
5) табиғат нысандарын бейнелеу;
6) түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдау;
7) өз жұмысының нәтижесін бағалау.
Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру; барлық құстар түсіндегі, пішіні мен бөліктеріндегі айырмашылықтарына қарамастан құрылымы жағынан ұқсас болып келетіні жайлы түсінік беру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету.
Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдары балалардың сюжетті сурет салуына ауысады.
Сәндік сурет салу.
Түрлі пішінді қағазда симметриялық ою-өрнектерді құрастыра білуге үйрету, көлемді пішіндерді безендіру.
Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.
Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнерінің желісі бойынша сурет салу.
Сюжеттік сурет салу.
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі кеме және тағы басқа қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.
Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және тағы басқа сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жетілдіру.
Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.
Жаз мезгілінің табиғат құбылыстарын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, ойдан сурет салуды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
сурет салуда түрлі техниканы дербес қолданады;
күрделі емес ойыншықтардың, жануарлар мен адамдардың суретін салады, сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі;
үшбұрыштар мен алтыбұрыштардың ортасын, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, сәнді өрнектерді салады;
қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;
мазмұнды суреттерді салады;
ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.
Мүсіндеу.
Заттық мүсіндеу.
Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін нақтылауға, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.
Ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеудің, адамның, жануарлардың, ойыншықтардың, халық шығармашылығының заттарын қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды). Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
Сәндік мүсіндеу.
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Заттарды әсемдік элементтермен безендіру.
Сәндік пластиналарды мүсіндеуге, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдануға, сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға, түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өздігінен мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге үйрету.
Сюжеттік мүсіндеу.
Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасау дағдыларын жетілдіру.
Ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу.
Қалыптасқан іскерлік пен дағдыларды жеке мүсіндеуде, ұжымдық мүсіндеуді орындау барысында ойында, үйді және мереке күндері ауланы сәндеу үшін қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
мүсіндеудің түрлі техникаларын қолданады;
ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын меңгерген;
түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін бере біледі;
сәндік элементтермен заттарды безендіреді.
Жапсыру.
Заттық жапсыру:
1) түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру;
2) күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру, жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету;
3) алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану. Ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
Сәндік жапсыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың ойлауы бойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;
2) мүсіндерді қатпарланған қағаздан бірдей пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қию арқылы ұлттық ою- өрнектермен безендіруді;
3) бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдерін қолдануды;
4) "қошқар мүйіз" өрнегін түрлендіріп: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектерді қолдануды;
5) қазақ өрнектеріне тән: жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл, ашық түстерді қолдануды;
6) жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауды.
Сюжеттік жапсыру.
Балалардың жапсыруда сюжетті композиция құрастыра білулерін жетілдіру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындау.
Күтілетін нәтижелер:
салынған немесе қиялдағы контур бойынша бейнелеуді игерген;
ойлауы бойынша күрделі жапсыруларды құрастыра алады;
екіге бүктелген симметриялы пішіндегі қағазды қияды;
Қазақстанның табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, копозицияларды орындайды;
еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, назар аудара отырып, заттарды бейнелейді;
ойлауы бойынша жұмыс жасай алады.
Музыка.
Музыка тыңдау.
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу.
Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыруды жалғастыру.
Ән айту.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) бір дыбыстан құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау;
2) қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;
3) фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.
Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар.
Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау, ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар, хороводтар.
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлау: екі шеңбер, үлкен шеңберге тұру. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.
Билер.
Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.
Би шығармашылығы.
Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
Күтілетін нәтижелер:
музыкалық жанрларға тән белгілерді атайды;
музыкалық мамандықтарды, атақты композиторлардың есімдерін біледі;
жақсы таныс әнді дербес музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;
музыканың сипатына сәйкес қозғалады;
балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игерген. "Әлеумет" білім беру саласы
"Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны өзін-өзі тану, қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
"Әлеумет" білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық;
құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;
өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет