Ақыт Үлімжыұлы шығармашылығын саралаңыз, нәзиралық дастандарының өзектілігін дәлелдеңіз.Ақыт Үлімжіұлы да шығыстың белгілі жұлдыздарын ұстаз тұтып, шығыс сюжеттері негізінде тамаша дастандар жазып қазақ әдебиетінің тақырыптық аясын кеңейтуге үлес қосқан кітаби ақындардың қатарынан көрінеді. Ол да алғашқы сауатын араб, түрік тілдерінде ашқан. Ақыттың баласы Ғазездің айтуына қарағанда, ақын кезінде Қазан баспасынан шыққан түрки тіліндегі әдеби кітаптарды, шағатай тілінде басылған Фердаусидің, Қожа Хафиздың, Науаидың, Софы Аллаярдың шығармаларын жаттап өседі . Ақыт шығыстың белгілі жұлдыздарын ұстаз тұтып, олардан үлгі- өнеге алған. Осының нәтижесінде өзі де шығыс сюжеті негізінде нәзира әдісімен бірнеше қиса жазған. Туркия мен Араб елдерінде болып, араб, парсы, түрік тілдеріндегі әдебиетпен жақсы таныс болған ақын «Қажы баян» дастанында сол елдердің көптеген жерлері мен үлкен қалаларының атын атайды. Шығарманың гэографиялық ауқымаясының кеңдігі арқылы өзінің шығыс әдеби дәстүрімен жете таныс екенін аңғартады. Нәзиралық дәстүрмен шығыс ертегілері желісінде жазған көптеген қисаларынан Қазан баспасынан «Хиса-и Жиһаншах Тамұзшахұғлы» (1901), «Хиса-и Ғабдүлмүлік» ) ( , « 1902 Ахуал қиямет» (1908), «Абият ғақидия» (1909), «Керей ишаны Мұхаммет Мөмін» (1909), «Хиса-и Сәйпулмәлік» (1909) , «Хиса-и Манахып Нуран Ғазизан» және «Ақыт Үлімжіұлының өмірбаяны» [7, 31] қатарлы тоғыз кітабы басылып таратылады. Бұлардың кейбірі сол жылдарда бірнеше мәрте қайта басылыпты . Ақыт Үлімжіұлының шығармалары жанры жағынан да әралуан: толғау, жыр, қисса, дастан, назым үлгісінде болып келеді, тақырыптық- мазмұндық ауқымы біршама кең. Оның «Смағұлдың қиссасы», «Мұхаммед-Ханафия», «Кесік қол келіншек», «Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы», «Ғали мен Дариға», «Мәликенің жүз жұмбағы» атты күрделі эпикалық діни қиссалары бар. Бұлар да жеке зеріттеуді қажет ететін шығармалар. Туындыларының дені поэзия болғандықтан, оның өлеңдерінде сол өзі өмір сүрген қоғамдық ортанның әралуан жақтары қамтылады. Ағартушылық, сыншылдық бағыттағы туындыларының негізгі, басты тақырыбы белгілі бір әлеуметтік орта, уақыт, заман талабына сай адам тұлғасы, яғни олардың түрлі мінездері, іс-әрекеті, ой-толғаныстары секілді өзекжарды мәселелермен қатар, сол адами тұлғаны қалыптастырып тәрбиелейтін немесе хайуани кейіпке түсіріп кері итеретін ішкі-сыртқы факторларды да қамтиды. Осыдан туындайтын оқу-ағарту, білім алу, діни-имандылық сияқты заманауи толғағы жеткен өзекжарды мәселелерді де көтереді. Нақтылап айтқанда алуан түрлі өмір құбылыстарын ақын өзінің жекелік көңіл-күйі, толғаныс-тебіренісі, қуаныш-мұңы, Гегельше айтқанда «ішкі әлемінің сырын» жыр жолдарымен, поэзия тілімен кестелеп отырып жеткізеді. Ақын туындыларын таным таразысына салып екшеп алғанда байқалатын негізгі мәселе – шығармаларының көркемдік-идеялық бірлігінде, көркемдік тұтастығында. Уақыт пен кеңістік ауқымындағы заман шындығын қай жағынан сараламасын ақын өз дүниетанымы мен идеялына салып таразылайды. Яғни «...имандылық, инабат, ұят-ұждан, береке-бірлік жөнінде оқырманға үлкен ғибрат беретін мүбәрак сөздермен тізілген тәспих іспетті шығармалар». Ақыт Үлімжіұлының діни дастандары батырлықты, ерлікті, ғашықтықты, махаббатты және ғибраттық өсиеттің барлығын қатар қамтыған. Мысалы, «Сейфүлмәлік», «Жиһан шаһ Тамуз шаһ ұғлы», «Ғали мен Дариға» дастандарында батырлық пен ғашықтық суреттеледі. Ал, ғибраттық діни дастандарына «Мәликенің жүз жұмбағы», «Кесік қол келіншек», «Тозақтағы қатын» т.б. жатады.