Google Sheets- бұл Google ұсынған ақысыз, веб-негізіндегі Google Docs Editors жиынтығының бір бөлігі болып табылатын кестелік бағдарлама. Бұл қызметке Google Docs, Google Slides, Google Drawings, Google Forms, Google Sites және Google Keep кіреді. Қосымша қолданушыларға нақты уақыт режимінде басқа қолданушылармен ынтымақтастықта файлдарды онлайн режимінде құруға және өңдеуге мүмкіндік береді. Өзгерістерді ұсынатын түзету тарихы бар пайдаланушы түзетулерді қадағалайды.
Google Drive - бұл Google әзірлеген файлдарды сақтау, өңдеу және синхрондау қызметі. Оның ерекшеліктері файлдарды желіде сақтау, бөлісу және бірлесіп авторластыруды қамтиды. Google Drive-та Google Docs, Sheets and Slides, мәтіндік құжаттармен, электрондық кестелермен, презентациялармен, суреттермен, веб-формалармен және басқа файлдармен жұмыс істеуге арналған кеңсе қосымшаларының жиынтығы бар.
Компьютерлік телекоммуникация қазіргі қоғамдағы өмірдің әртүрлі салаларына: бизнес, қаржы, бұқаралық ақпарат құралдары, ғылым мен білімге көбірек ене бастады. Біздің елдегі телекоммуникация дамуының жалпы фонында компьютерлік телекоммуникацияларды халықтық білім беру саласына, ең алдымен, қазіргі заманғы мектеп өміріне енгізу процесі біртіндеп пайда болып, байқала бастайды. Соңғы 5-7 жыл ішінде шет елдердегі он мыңдаған мектептер мен біздің елдегі жүздеген мектептер қазіргі заманғы телекоммуникация мүмкіндіктерін тікелей өз білім беру жұмысында қолдана бастады.
Кейбір мұғалімдер телекоммуникацияны бірінші кезекте студенттермен бөлек эксперименттік жобалардағы сыныптан тыс жұмыс үшін пайдаланады. Алайда қазірдің өзінде көптеген шет елдердегі мектептер компьютерлік телекоммуникацияларды нақты білім беру процесінде тікелей қолданады, оқушыларды ақпараттық қоғамдағы өмірге біртіндеп дайындайды. Компьютерлік телекоммуникацияны біртіндеп көптеген мұғалімдер қоршаған әлемді тану құралдарының бірі ретінде түсіне бастады. Бұл құралдың қуаттылығы соншалық, онымен бірге оқытудың жаңа формалары мен әдістері, мектепке жаһандық ойлаудың жаңа идеологиясы әкелді.
Компьютерлік телекоммуникация – ғаламдық компьютерлік желілерді қолданатын ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқан түрі. Білім берудің әдістері мен формаларында төңкеріс жасауға мүмкіндік береді. Телекоммуникацияның қарапайым түрі - электрондық поштаны әр мектептің оқу процесінде сәтті қолдануға болады. Электрондық поштаның тәрбиелік мәні:
• әртүрлі пән мұғалімдері арасында тәжірибе алмасуды ынталандырады және жеңілдетеді;
• ол қолданылатын оқу бағдарламасына оқушылардың қызығушылығын арттырады;
• оқушылардың коммуникативті практикасын кеңейтеді, жазба тілін жетілдіруге көмектеседі;
• студенттер мен электронды пошта арқылы алынған деректерді салыстыру негізінде жаңа әдістемелік әдістерді қолдануға мүмкіндік береді [9, 12].
Оқу практикасында компьютерлік телекоммуникацияның барлық негізгі түрлерін қолдануға болады:
• электрондық пошта;
• тарату тізімдері (тізім-серверлер);
• электронды хабарландыру тақталары (BBS);
• телеконференциялар;
• Gopher және WWW серверлері.
Оқушылардың ақпаратпен қамтамасыз етуін жеңілдететін тағы бір ақпараттық ресурс – электрондық оқулық. Білім индустриясының білім беруді цифрландырудың басты талабы да осы. Қазіргі оқу үдерісінде оқулық немесе мұғалімнің баяндауы жеткіліксіз. Оқу тәжірибесінде электрондық оқулықты қолдану оқушылардың танымдық-логикалық, шығармашылық ойлау жүйесіне оң әсерін беруде. Электронды оқулық мұғалімнің де потенциалын арттырып, оның уақытын үнемдеп, оқу үдерісіндегі жұмысын жеңілдетеді. Электронды оқулық оқу үдерісінде оқушыға:
өз бетінше білім алуына, бағалауына;
Мультимедиялық технологияларды (видео, аудио, сурет) толық пайдалануға;
Гипермәтін бойынша өнімді жұмыс жасауға;
Интербелсенділікті арттыруға мүмкіндік береді [10, 78].
Электронды оқулықтың түрлері, тақырыптары, бағыттары шексіз: электронды кітаптар, электронды газет-журналдар, электронды сөздіктер, электронды анықтағыштар, т.б. Электронды оқулықтарды гуманитарлық пәндерде қолданудың нәтижесі эффективті. Біз бұл тақырыпқа келерсі тарауда толыққанды талдау жасаймыз.
Білімді игертуде гиперқұрылғылар нақтылықпен ерекшеленеді. Сызба, кескін, дыбыс, бейнебаян оқушыларға ерекше әсер береді. Гиперқұрылғыларды кез келген сайттан, порталдан, каналдан жүктеуге болады. Мәселен, google суреттер мен кескіндерді, жазба құжаттарын іздеуде белсенді. Youtube каналында бейнебаяндардың шоғыры орналасқан. Немесе арнайы порталдардан қолданушының қажеттілігіне сай кез келген ресурсқа қолжеткізуге болады.
В. Сухомлинский «Ойын – оқыту үрдісінде жанып тұрған шам. Ерекше құмарлықпен, қызығушылықпен сол шамның маздауына баланы еліктіреді» деген пікір білдірген [15, 95]. Расында, қашықтықтан оқытуда ойын техникалары баланың сапалы білімге талпындырады. Әсіресе, білімді жинақтау, қорыту сабақтарында бұл әдістің оқушы үшін де, оқытушы үшін де пайдасы көп. Ойын технологиясында баланың деңгейлік бөлінісі байқалмайды. Осы орайда сандық технологияның құдіреті де осыда. Ойын балаға эмоционалды-экспрессивтілік сыйлайтындықтан, барлығы қатысқысы, көргісі келеді.
Білім беруді ақпараттандыруда мектеп ұйымдарында Kahoot сандық ойын ресурсы кең таралған. Мұғалім бұл құрылғыны пайдалана отырып, өзіне дейінгі дайын ресурстарды пайдалана алады немесе сабақты бекітуде өзі сұрақтар дайындаса болады. Ол үшін мұғалім сайтқа тіркеледі, сабақ ресурсын дайындайды. Оқушыларды бір желіде біріктіру үшін бәріне бірдей ортақ сан беріледі. Сұрақтарды сөзбен, кескінмен, суретпен құрастыруға мұғалімнің толық құқығы бар. Және ол ресурстарды интернет желісінен немесе өзінің жұмыс үстелінен жүктеуге болады. Төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауап белгіленуі қажет. Көп жауапты нұсқа ақылы жүзеге асады. Ойынның оқушыларды қызықтыра алу ерекшелігі – түрлі-түсті қанық бояулармен көмкерілген. Интеллектуалды онлайн атмосферасы бар. Тіпті, әуенінің өзі оқушыға ерекше мотивациялық күш береді.
Quizizz – мұғалім оқушылардың барлығына бірдей тапсырма, бірақ орындалуы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыратын тапсырма құрастыра алатын сандық ресурс. Құрылымы жағынан Kahoot-қа ұқсас болғанымен, барлық сыныпты бірдей басқаруға және тапсырманы түрлендіруге платформа функциялары ыңғайлы.
Мұғалім интернет желісінсіз өзінде бар сандық ресурстарды (презентация) қолдана отырып, интеллектуалдық ойын құрастыруына болады. Ол интерактивтік тақта арқылы жүзеге асады.
Ақпараттық білім беруде қарқынды дамып келе жатырған ресурстардың бірі – тест жүйесі. Интернет желісінде онлайн тест тапсыру сайттары өте көп. Өйткені тест – оқудың екінші бір жаңа кезеңіне өтуші маңызды құжат. Сонымен қатар тест онлайн құрылғылары – қашықтықтан оқытуда оқушыға берілген оңтайлы мүмкіндік.
Білім индустриясында қоладыналтын тест онлайн жүйелері:
iTest – бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуіне дайындық жұмыстарын реттейді. Оқушы белгілі бір уақыт межесінде тест орындайды, автоматты түрде қорытындысын алады және дер кезінде қатемен жұмыс жасай алады;