Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет79/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Жыртқыштар отрядына 235-тей жануарлар түрі топтастырылған, оның 31 түрі елімізде кездеседі. Олардың сойдақ және азу тістері жақсы жетілген, сойдақ тістері өте өткір. Қазақстанда аю, қасқыр, мысық, сусар тұқымдастарының өкілдері кеңінен таралған.

Аю тұқымдастарына қоңыр аю, ақ аю, ақ кеуделі (гималай) аю жатады. Қазақстанның биік таулы алқабында аздап қоңыр аю кездеседі. Аюдың аталығы – «матай», аналығы – «кірекей», ұрпағы – «қонжық», бір жас ұрпағы – «апанақ» деп аталады. Қоңыр аю Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Қасқыр тұқымдастарына – шибөрі (шуылдақ), қасқыр, қарсақ, түлкі, қызыл қасқыр жатады. Қасқырға байланысты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтеледр көптеп кездеседі. Оны «бөрі», «көкжал» деп атайды. Ертеде қасқырға табыну дәстүрі болған.

Қасқырдың аталығын – «арлан», «көкжал», «бірішек», «сырттан» деп атайды. Аналығын - «шулан», «құртқа», күшігін – «бөлтірік», ал қасқыр көсемін – «абадан» дейді. Ертеде Тәңіртау, Алтай, Тарбағатай тауларында қызыл қасқыр таралған. Соңғы 20-30 жыл ішінде, ол жайлы деректер кездеспейді. Қызыл қасқыр да Қазақстанның Қызыл кітабынан орын алған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет