Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»



бет77/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Кемірушілер отряды. Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректі жануарлардың 2 500-ге жуық түрі жатады. Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар. Дене тұрқы 5 сантиметрден 1 метрге дейін жетеді. Қазақстанда кемірушілердің 80-нен астам түрі таралған. Оның 8 түрі Қызыл кітапқа тіркелген.

Көк суыр Батыс Тәңіртау тау жоталарында шағын аймақта таралған. Саны күрт азайып келеді. Бадам, Өгем өзендерінің жоғары ағысындағы таулы алқаптарда кездеседі. Көк суыр Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, аулауға тыйым салынған. Көксуыр Ақсу-Жабағылы қорығында және Сайрам-Өгем ұлттық табиғи сакябағында қорғауға алынған. Үнділік жайра Маңғыстаудың оңтүстігінде, Тәңіртау, Қаратауда, Шу, Іле, Алатауларының етегінде таралған, саны аз. Алматы, Қарағанды, Шымкент хайуанаттар бақтарында қолдан өсіріледі.

Қазақстанда ғана таралған кемірушінің бір түрі – қалқанқұлақ. 1938 жылы зоолог-ғалым В.А.Селевин Бетпақдала шөлінен бұрын ғылымға белгісіз кемірушіні тапты. Оның ғылыми аты сол ғалымның және табылған жердің атымен аталады. Дене тұрқы 9 сантиметрдей, құйрығы жіңішке әрі ұзынша, салмағы 30-35 грамдай. Құлағының үлкендігіне байланысты жергілікті тұрғындар «қалқанқұлақ» (кейде «жалман») деп атайды. Қазақстанда оның атына байланысты зоологиялық ғылыми «Селевиния» деген журнал бар. Бетпақдала, Балқаштың солтүстік шығысындағы шөлейтті жерлерде, Алакөл, Зайсан қазаншұңқырында таралған, бунақденелілермен қоректенеді. Ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген.

Қазақстанның батыс аймағындағы шағыл шөл, шөлейтті жерлерде алып соқыртышқан таралған. Жер астындағы қараңғы іннен еш уақытта жер бетіне шықпайды. Көзі терінің астында, сондықтан көрмейді. Құлақ қалқаны болмайды, алдыңғы аяғы қысқа, тырнағы күрек тәрізді. Күрек тістері аузынан сыртқа шығып тұрады, өткір. Жер астындағы өсімдік тамырларын кертіп қоректенеді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Қазақстанның өзен, көлдерінде ерте кезде көп таралған кеміруші – кәмшат. Оның терісі және жұпар безі өте бағалы болғандықтан, көп аулаған. Кәмшаттың жұпар безінен алынатын өнім кәмшат қайыр (бобровая струя) деп аталған. Қазіргі кезде кәмшат Жайық өзенінде ғана кездеседі. Құндыз да суда өмір сүреді. Құндыз – Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бағалы терілі жыртқыш аң. Оның суда өмір сүретінін халықтың «Құндыз – суда, құлан - қырда» деген мәтелінен білеміз. Ол Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауы өзендерінде кездеседі. Іле өзенінің жоғарғы ағысынан да байқалған. әсіресе, балығы мол суды мекен етеді. Негізгі қорегі – балық.

Қазақстанда қоянтектестер отрядына жататын құм, ор және ақ қоян түрлері кездеседі. Шөлді, шөлейтті жерлерде құм қоян кеңінен таралған, рның кәсіптік мәні бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет