Дипломдық жұмыста суда еритін полимер соның ішінде агар-агар мен сазды үлгінің физика-химиялық қасиеттері мен алынуы зерттелініп,тәжірибе жасалынды



бет2/11
Дата19.09.2023
өлшемі20,06 Mb.
#108429
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

рН - сутектік көрсеткіш


АА - агар агар
D – оптикалық тығыздық

Кіріспе
Қазіргі уақытта жыл сайын әртүрлі өзекті мәселелердің туындауына орай суда еритін полиэлектролиттердің қолданыс бағытын одан әрі терең айқындауға қажетті ізденістер жүргізу талаптары да күшейіп келеді. Сондықтан жұмыста биологиялық үйлесімді, экономикалық тиімді, экологиялық залалсыз әртекті функционал топтары бар суда еритін полиэлектролиттердің кейбір физикалық, коллоидтық-химиялық қасиеттері зерттелді.Суда еритін полиэлектролиттер шығу тегіне және алыну жағдайына байланысты табиғи, жасанды және синтетикалық болып үш түрге бөлінеді. Ал, макромолекула тізбегінің бойындағы функционал топтарының табиғатына қарай полианионды, поликатионды, полиамфолитті болып жіктеледі. Сонымен қатар полиэлектролиттердің полисахаридтік түрлері де бар. Мысалы оларға химиялық өңдеу жолымен целлюлозалы полимерлер, табиғи және химиялық өңделген крахмалды реагентті және биополимерлерді жатқызуға болады. Мақсатқа жету барысында теңіз қызыл балдырынан бірнеше сатыдан тұратын экстракциялау әдісі бойынша алынатын, құрамы агароза және агаропектиннен құралған полисахаридті полиэлектролит агар-агар ([С12Н18О9]n) үлгілері таңдалды.Жұмыста таңдалған макромолекуласы тізбегінің бойында әртекті функционалды топтары бар суда еритін полиэлектролит үлгілерінің физикалық, коллоидты-химиялық қасиеттерін айқындау үшін олардың меншікті, келтірілген тұтқырлығы, меншікті, келтірілген электрөткізгіштігі, оптикалық тығыздығы, сонымен қатар рН көрсеткіштерінің ерітінді концентрациясына байланысты өзгеруі зерттелді. Қазіргі уақытта кеңінен гидрогельдер экологиялық мәселені шешу үшін тұрмыстық химияда (сабын, шампунь, крем), суды дайындауда және суды тазалауда (металдарды бөліп алу, тұзсыздандыру), ауыл шаруашылығында (өсімдіктің тамыр жүйесінде ылғалды ұстап тұру үшін, құмды реттеу), мұнай өндірісінде (мұнай өнімділігін арттыруда, жер қыртысынан мұнай мөлшерін екінші қайтара өндіруде, құбырдың ішкі қуысын тазалауда), биотехнологияда (ақуыздарды және ферменттерді бөлу және тазарту), медицинада (гигиеналық материалдар, дәнекерлі линзалар, мишен-нысанаға дәріні бақылаулы тасымалдау), техникалық жұмыстарда (жасанды бұлшық ет, хемомеханикалық құрылғы), электроникада (сенсорлар, қабылдағыштар, оптикалық түрлендіргіштер) және тағы басқа салада кеңінен пайдаланылады.
Әдебиеттік шолу


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет