Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет31/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Функционалдық құзыреттіліктер:

Талдау:

  • психодиагностикалық ақпараттарды талдау;

  • адам диагностикасының психологиялық және педагогикалық теорияларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айқындау;

  • білім беру мекемелеріндегі білім беру үдерісінде нақты кездесетін білім беру және оқу жағдайларына талдау жасау;

  • білім беру үдерісіндегі диагностика нәтижелерін талдау;

  • әдебиеттердегі психологиялық және педагогикалық теорияларға талдау;

  • психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша тәжірибелік және эмпирикалық материалдардың айырмашылығын анықтау және салыстыру;

  • диагностикалық әдістер мен технологиялар нәтижелерінің негізінде педагогикалық жағдаяттарды талдау;

  • алынған диагностикалық мәліметтерді математикалық әдістермен тексеру.

Қолдану:

  • қойылатын ережелерге сәйкес, дайын диагностикалық құралдарды пайдалану;

  • тест және сауалнамалармен жұмыс жасау принциптерін қолдану;

  • әртүрлі сауалнама, тесттер, тест тапсырмаларын қолдану;

  • диагностиканың әдістері мен құралдарын, тиімді түрлерін қолануға шешім қабылдау;

  • алынған диагностикалық материалдарды сурет, сызба, есеп, күнделік және хаттама түрінде дайындау.

Рефлексивті-бағалау компоненті:

Бұл компонент болашақ педагог-психологтар арасында бағаланатын пікір қалыптастыру, үрдістерді анықтау, диагностикалық үдерістің заңдылықтары, диагностикалық үдерісті түзетудің орындылығын анықтау, түзету әрекеттерін жоспарлауды қамтиды. Студенттер ғылыми-педагогикалық және психологиялық білімдердің қалыптасқан жүйесін меңгеруі тиіс. Кәсіби бағдарлануды көрсету үшін маңызды жолды, ойлау қабілетін таныта алуы керек, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсына білуі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, алынған нәтижелерді сараптай алуы тиіс.



Жүйелік құзыреттіліктер:

Сараптау:

  • диагностикалық бақылау картасын жасау;

  • диагностикалық зерттеудің дизайнын ойластыру;

  • диагностикалық зерттеу бағдарламасын, диагностикалық әңгімелесу бағдарламасын құру;

  • жоспар құру, іріктеу жасау, алынған мәліметтерді сараптау;

  • психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша оқу материалдарын құрастыру.

Бағалау:

  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың шынайы мәселелерін бағалау;

  • психологиялық-педагогикалық диагностика тұрғысынан білім алушылардың жеке және танымдық әрекеттерін дамытуды болжау;

  • оқыту мен дамытудың психологиялық-педагогикалық заңдарын білу негізінде білім беру мекемелеріндегі оқытуды бағалау;

  • тұлғаның жеке даму динамикасын болжау;

  • өз білімінің жеткілікті екендігін өздігінен бағалай алу, психологиялық- педагогикалық диагностика аймағындағы өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау;

  • диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру қажеттілігін дәлелдеу.

Студенттерді кәсіби іс-әрекетті орындауға дайындаудың негізгі тиімді критериі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Сапалы көрсеткіші диагностикалық құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі болып табылады.

Интуитивті деңгей:

Ынталандырушылық-когнитивті компонент:

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығы төмен немесе мүлде болмайды. Сондай-ақ, болашақ педагог-психологтың өзіндік

диагностикалық іс-әрекеті жеткіліксіз немесе мүлде жоқ болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын, білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды үстіртін білу; диагностикалық әдістер, әдістерді жүйелеу туралы білу, оқу үдерісінде психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін онша түсіне бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет