Дістемелік кешен


КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ



бет4/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ




Пререквизиттер

Постреквизиттер

Кафедра

Кафедра
кабылдаган
шешімдері,
хаттаманың реті
мен куні

.1-

Адам және коғам

Педагогика

Отан жэне штел
тарихы
кафедрасы

6 Хатгама
27,01,2011 ж

2

Тарих

Құқыктану







3

Психология










4

Мэдениеттану










5

Философия










б

Әлеуметгану











  1. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ








Кредит саны



Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар



Қорытынды бақылау



Лекция



Практикалық/семинар





СӨЖ

1

2

3

90

20

6

64

емтихан


6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы)
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелуі керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.


8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ





Тараулар атауы,
реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан
тыс сабаќтар



Лекция



Семинар



СӨЖ



І. САЯСИ ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙСІНДЕГІ САЯСАТТАНУДЫҢ СТАТУСЫ

1.1 Саясаттану саяси - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде

1

Кіріспе.

1




3

2

Саясаттану - ғылым

1

1

4

1.2 Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері, қалыптасуы және тарихы

3

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы

1




2

4

Қазақстан саяси ойларының тарихы

1

1

4

ІІ. САЛЫСТЫРМАЛЫ САЯСАТТАНУ

5

Салыстырмалы саясаттану

1




3

6

Саясат қоғамдық өмір жүйесінде

1




3

7

Билік саяси фенмен ретінде

1

1

3

8

Әлеуметтік – этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

1




2

9

Қоғамның саяси жүйесі

1




2

10

Мемлекет және азаматтық қоғам

1




4

11

Мемлекет және азаматтық қоғам

1

1

4

III. САЯСИ ПАРТИЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ САЯСИ РЕЖИМДЕР

12

Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1




3

13

Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1




2

14

Саяси режимдер

1




3

15

Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару

1




5

16

Саяси процесс және саяси қызмет

1




4

17

Саяси сана және саяси мәдениет

1

1

4

IV. САЯСИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

18

Саяси технологиялар

1




3

19

Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар

1




2

20

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары

1

1

4

Барлығы:

20

6

64

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

Лекция №1


Тақырыбы: Кіріспе.
(1 сағат)
Жоспары:

1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.


2. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым.
3. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары.


Лекцияның мақсаты:
Студенттерге саясаттанудың объектісі, пәні, саясат, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым екендігі және саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
1. Саясаттану пәні мен объектісі. Саясаттану ұғымы гректің (политик) және (логос) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Демек саясаттану дегеніміз – қоғамның саяси өмірінің қалыптасу мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, он ұйымдастыру жолдары, тәсілдері принциптері, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда, саясаттану – саясат сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.
Саясаттанудың негізін қалаушы ретінде данышпан ғалым Аристотельді айтады. Өйткені , ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеген. Дегенмен, ол саясатанудың пәнін қазіргі біздің түсінігіміздегідей басын ашып бере алмады.
Саясаттану ұғымына қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Николко Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық тұрғыдан арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді.
Саясаттану объектісі- қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзіне биліктің әрекет ету процесі мен дамуын, бұқараның билікке қатысуын қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет объектісінің барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқа да ғылымдардың философия әлеу-меттану, құқық, тарихты зерттеу объектісі болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзіндік зерттеу пәніне ие болады. Саясаттанудың зерттеу пәні саяси би лікті қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әәдістері болып табылады.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым- қатынастары туралы жинақталған ғылым.


2. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым.
Саясат – ғылым – біріншіден, саясат қоғамдық - саяси өмірдің маңызды бір саласы жөніңде білім көзі болып, ол туралы жан – жақты ғылыми мағұлмат береді. Екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, олар ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.
Саясат - өнер - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірбиелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдалану мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап – арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі сондықтан. Дегенмен басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
Саясат субьектіслері – іс - әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ. Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс - әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субьектісінің құрамы, іс - әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат – мүлделер, және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азамматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық - саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.
Саясаттану - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу обьектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.
Саясат және билік – Көптеген саясаттанушылар саясат «билік» санаты арқылы түсіндіруге тиіс деген пікірді ұстанады. Билік санатын пайдалану қажеттілігі саясат саласы тек мемлекет пен саяси жүйенің ғана қызметі шегінен шығады дегенді негізге алады.
Билік – бұл адамдарға берілетін нұсқауға және алда күтілетін тәсілге сәйкес іс – қимыл жасаған кезде шешімді күштеп міндеттеу және атқару немесе әсер ету қабілеті. Саясаттың пәні кез келген өкімет билігі емес, керсінше тек сөздің жария мағынасындағы билік қана болып табылады.
Саяси жүйе – билік жүргізуші әлеуметтік топтар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық – саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саясаттануда саясатты мүделер тұрғысынан қарап ұғыну бар. Мұндай көзқарасты жақтаушылар саяси процестер мен құбылыстардың жасалуының алғашқы тетігі ретінде адамдардың топтық қажеттері мен осының негізінде пайда болатын әлеуметтік ( экономикалық, саяси мәдени және басқа да ) мүделер болатына назар аударады.
Саясатты әралуан тұрғыда түсіндіру осы құбылыстың өзінің көп өлшемдігіне байланысты болады.
Саяси процесс – 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет