Дістемелік кешені


Атмосфералық қысым және оның мал организіміне әсері



бет18/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

1.2.4. Атмосфералық қысым және оның мал организіміне әсері

  • Атмосфералық қысымның ауытқуы ауаның өзгеруіне себеп болады. Ол қысым жоғары болса, әдетте ауа райы да жақсы болып тұрады, ал төмендесе – күн бұлттанып, жауын – шашын болып, тұмане түсіп, жел соғады. Атмосфералық қысымның сәл ғана ауытқуы мал денсаулығына пәлендей өзгеріс туғыза қоймайды. Алайда, қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайцп, қоңы төмендейді, ал асыл тұқымды жылқылардың ішегі түйілетін жағдайлары жиі кездеседі. Тауға өрлеген сайын қысымның төмендігінен малдарда тау немесе биіктік ауруы пайда болады. Қаны аз және семіз мал аталмыш сырқатқа тез шалдығады. Бұл аурудың себебі артерия қанында оттегінің парциалды қысымының жетіспеуі, ұлпаларда оттегі азаяды, яғни гипоксия туындайды.

  • Тауға бірте-бірте баяу көтерілсе, мал атмосфералық қысымның төмендігінен жақсы бейімделіп, биік таулы жерде ұзақ уақыт жүре алады.

Мал организмінің тау жағдайына бейімделуі өкпе желдетілуінің, эритроцит санының және гемоглобин мөлшерінің ұлғаюына көп байланысты.
1.2.5. Ауа қозғалысы және оның мал денсаулығына әсері
Ауа қозғалысы топырақтың, содан соң оған жақын ауа массасының біркелкі қызбауының салдарынан болатын құбылыс. Ауаның мұндай қозғалысын ауаның турбалентті қозғалысы деп те атайды. Ауаның жер бетінде параллель қоғалысын жел деп атайды.
Ауа қозғалысы мал организмінің жылу шығаруына, қора-жайды желдетуге және онда жылу сақтауға айтарлықтай әсер етеді.
Қора-жайлардағы ауа қозғалысының нормалары: қыста төл үшін 0,02-0,03 м/с, сақа мал үшін - 0,2 м/с ұстау қарастырылған.
Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс
төмендегідей болуы керек: сиыр қорада - 7,2-9,5 мкал/(см2хС);бұзауханада - 6,6-8; ат қорада - 8,2-9,5; шошқа қорасында 6,5-8. Жас төлдерге арналған қораларда катаиндекс 4-5 мкал/(см2хС) төмен болуы керек.
Ауа массасының жылдамдығы мен күшінен басқа әр аймақта желдің бағыты анықталып отырады.
Жел бағыты үнемі өзгеріп тұратындықтан сол араға үнемі, яғни жиі соғатын жел өті (Роза ветров) анықталып, ескеріледі.
Жел мал организміне жанама да тікелей де әсер етеді. Бұл әсерлер сол кезде мал организмінде сақталған жылу алмасуды не күшейтеді немесе азайтады. Ауа қозғалысы күшті болған сайын организмнің жылу шығыны арта түседі, мал ауруға шалдыққыш келеді. Сонымен қатар қора жайдағы температураның маңызы зор, суық ауа массасы теріге жанасып, конвекция және булану жолымен денеден жылу шығудың артуына мүмкіндік туғызады. Егер ауа температурасы дене температурасынан артық болса, онда конвекция жолымен жылу шығару азаяды, тіпті тоқтайды.

2 дәріс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет