Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы» ХХ ғасырдағы қазіргі батыс философиясына тән белгілер. Классикалық философияны сынау.
Қазіргі батыс философиясының аясында Х1Х ғасырдың аяғы ХХ1 ғасырдың басындағы АҚШ философиясы мен батыс-европалық философиясы түсіндіріледі. Бұл дәуір – адамзаттың рухани және материалдық дамуына өз үлестерін қосып, өздерінің талғамды және терең идеалдарымен философиялық мәдениетті байытуға ұмтылған, керемет ойшылдардың ордасына айналған классикалық емес философия дәуірі болды. Осы кезеңдегі батыс философиясынан – сол қоғамның бетке ұстар философтары, көптеген мектептер, бағыттар мен концепциялар орын алды. Олардың ішіндегі ең негізгі бағыттарға мыналар жатады:
феноменология, позитивизм, сыни рационализм, прагматизм, постпозитивизм, неокантианство, экзистенциализм, персонализм, структурализм, постмодернизм. Позитивизм – бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.
Прагматизм – бұл қазіргі философияның ағымы, өкілдері білімнің практикалық пайдалылығында қауіптің негізі жатқандығын айтып, адамзаттың бұл мәселесін шешуге тек философияның ғана шамасы келетіндігін айтады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері американ философтары: Ч.Пирс (1839-1914), Ч.Джемс(1862-1910), Дж. Дьюи (1859-1952).
Неміс классикалық философиясы (өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг және Гегель) әлемдік философияның дамуына үлкен үлес қосып, болмыс мәні, таным, т.б. маңызды философиялық мәселелерге идеалистік позиция түрғысынан өз заманына лайық барынша толық жауаптар берді. Бірақ қоршаған дүниеге берілген идеалистік түсіндірмемен, неміс философиясының классиктерімен келіспегендер де болды.