XIX ғасырдың екінші жартысында неміс классикалық философиясына, әсіресе, гегельяндықка арналған сында екі басты бағыт қалыптасты: 1. «солшылдардың» - материалистік философияның (Л.Фейербах, К.Маркс, Ф.Энгельс) сыны; 2. «оң қанаттың» - бейклассикалық идеалистік философияның сыны. Бейклассикалық идеалистік философия неміс классикалық философиясын, әсіресе, Гегель философиясын сынауды негізгі мақсат деп білді. Бірақ материалистер мен позитивистер сияқты жаңа жолдарды емес, екі әдісті тандады.
XIX ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның басты бағыты 2: 1. иррационализм; 2. «өмір философиясы»; Иррацнонализм - табиғаттағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тау тас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады.
Сыни рационализм – бұл қазіргі философиядағы қандайда бір “таза” рационалистік моделді өндеп шығарумен айналысатын, барлық уақытта да барығына сенімділік танытатын бағыт. Оның негізін салушы ағылшын философы К.Поппер (1902-1988ж.). Ғылыми білімнің табиғаты тұтас болып келеді, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ғылыми білімдермен философиялық концепциялар өте тағы “қабыса” отырып және өзара байланыста болады.
К.Поппер ғылым заңдылықтарын аналитикалық пайымдау мен оларды бақылаудан анықталмайтындығы айтты. ақиқат еместің жалған екендігіне, ғылымға фальсификациялау принципі қажет. Фальсификация – бұл ғылымға қатысты кез-келген орныққан анықтаманы жалғанға шығару принципі. К.Поппер үшін фальсификация принципі – бұл эмпирикалық тексеріс тәсілі емес, ғылымның белгілі бір орын алуындағы ғылыми білімнің мазмұнына сыни талдау жасау, барлық оның жетістіктеріне әркез сыни көзбен қарап отыру қажеттігі. Ғылым – бұл әрдайым динамикалық процесс, яғни үздіксіз өзгеріс үстінде болатын. Ф.Ницше философиясындағы Асқан адам идеясы.
Ницщенің пікірінше, өркениет (цивилизация) пен мәдениетте құлдырау процесі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес, жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы басты себептердің бірі. Осы тұрғыдан Ницше өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің «Өмір дегеніміз күрес» заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Ницше өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Осы концепция негізінде ол жоғарғы дәрежедегі биологиялық тип – «асқан адам» идеялын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты..
Оның ойынша, өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «асқан адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін - өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Тек осындай «асқан адамдар ғана өмір сүруге немесе билікке ұмтылуға құқықты» сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтінқоғамда қалыптасқан моральдық өлшемдерді мойындамай, жақсылықтан да, жамандықтан да аулақ жүреді.
Билікке жету, өз мақсат – мүдделерін жүзеге асыру үшін, олар қоғамдағы кездесетін адамшылыққа, қиыншылыққа, өзіне бағытталған қастандыққа қарсы қажымас күрес жүргізілуі керек. Осы тұрғыдан Ницше «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моральды уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «асқан адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Ницшенің «асқан адам» туралы ілімінің философиялық негізі төмендегідей идеяларға саяды. Барлық өмір сүретін денелер мен құбылыстар соның ішінде адам танымы да, билікке ұмтылған жігердің түрлері ғана. Абсолюттік болмыс жоқ. Болмыс дегеніміз – бұрын болған сансыз қайталанған құбылыстардың «мәңгілік айналымда» болып қалыптасуы. Осы тұрғыдан Ницше Гегельдің абсолюттік идеясын, таза ақыл – ойын сынға алып, адамның ирациональдық қасиеттеріне зор көңіл бөледі. Олар инстинкт пен жігер. Осы қасиеттердің ең маңыздысы – жігер. Себебі ол әрі әмбебап жалпылық, абсолют, әрі барлық денелердің түпнегізі. Демек, материалдық денелердің өмір сүруі осы түп негіз бен абсолют жігерінің арқасы. Ницшенің идеялары кейінгі кездегі саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті.