Фейербах діннің шығуын адамдардың сезімімен тығыз байланысты деп көрсетеді. Өзін қоршаған ортаның тылсым күштерін түсіне алмаған адам қорқынышқа душар болып, өмірдің қиыншылықтары адам басына әр түрлі ауыртпалық әкеледі.
Фейербах дін мен адамгершілік мәселелерін талдағанда, адамдар арасындағы сүйіспеншілік болатындығын айтып, сүйіспеншілікті ғана білдіретін, яғни құдайсыз дін жасауға ұмтылды. Ал адамгершілік адамдардың арасындағы әлеуметтік қатынастармен байланысты болмай, жалаң анықталып, барлық адамға тән сезім ретінде қарастырылды.
Фейербах материализмінің тар өрістілігі оның адамның мәнін тек антропология ғылымымен анықталуында, деп санауы.
1. Құдайдың өз бетімен өмір сүретін реалдылық ретінде жоқ екендігі;
2. Құдай – адам санасының туындысы;
3. Дін - мифологиялық-фантастикалық идеология (ойдан шығарылған).
К.Маркстің тарихи материализмі.
Қоғам – мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатыныстарына байланысты болады. Яғни, бірігіп жұмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын мақсаттарына жетуге болады. К.Маркс қоғамды «адамдардың қарым-қаттынасының жемісі» — деп қысқа анықтаған.
Бірақ,ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп қоғам болмайды. Дегенмен,бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы, жалпы мүдделердің негізінде қоғам құрмайды. Қоғам – деп айтуға тек, адамдардың, бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы қажет. Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.
ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІКТЕРІ — саналы және ерікті адамдардың жиынтығы.
— тұрақты және объективті сипаттағы жалпылама мүдделердің болуы.
— жалпы мүдделердің негізінде әрекеттік және ынтымақтастық.
— қоғамның ішкі тәртібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
КАРЛ МАРКС Өмірінің соңғы жылдарында жұмысшы партияларын қалыптастыру бағытында еңбек етті. 40-жылдардың орта тұсынан бастап Маркс капиталистік қоғамды зерттей келе жаңа идеяның негізін қалады (қ. Марксизм). Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірді (тарихи материализм), қосымша құн теориясын жасады, пролетариат төңкерістері нәтижесінде капитализмнің сөзсіз құлайтындығы туралы түсінікті қалыптастырды.
ХІХ ғасырда К. Маркс тарихтың материалистік түсінігінің тұғырнамасын жасады, оның құрамында өндірістік тәсілінің жағдайы бар. Халықты «Әлеуметтік ұйымда» жалпы құдай және жалпы ой емес өндірістік күш және өңдірістік байланыс байланыстырады. Бұл факторлар табиғаттың шартына, тіл мәдениетіне, байланыс құрамына т.б. байланысты. Бірақ қалың қоғам болмысы, өзіндік «әлеуметтік мәселе», болып табылады.