20. Қазақ халқының өнер философиясы. Күй – қазақ өнерінің феномені. Қазақтың дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. # Өнер – адам өмірі мен мəдениетінің маңызды бөлігі. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер философиясы қазіргі философиялық білімнің бір бөлігі жəне сонымен бірге өнер туралы ғылымдар жүйесіндегі ерекше пəн болып табылады. Өнер философиясы көркем шығармашылықтың талдауын жəне осы шығармашылықты түсіндіретін теориялық концепцияларды қамтиды, ол өнерді адам болмысының саласы ретінде қарастырады.Өнердің шындықтағы орны туралы мəселе өнер философиясының негізгі мəселесі болып табылады. Казак халкында бейнелеу онеры, би онеры, кино жане т.б да жаксы дамыган.
Қазақ халқының би мəдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың əдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-əрекетін бейнелейтін өнерге айналды.Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Музыкалық фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп əн айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тəн музыкалық дəстүрі дүниеге келді; соның нəтижесінде бай музыкалық мəдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар əнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоникалық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді.
Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Күй-қазақ халқының рухани болмысының, мəдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы. Халық күйлерінің əуендік сипаты, көркемдік образы, философиялық ой тереңдігі, халықтың талғамы мен танымының ерекшелігін көрсетеді.
Күй - өте көне өнер, оның шығарма ретінде қалыптасуы ұлт емес, ұлыстық дəуірден бастау алады. Ұлыстық дəуір мəдениеті Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы замандарынан сыр тартады. Қазіргі аңыз күйлердің ішінде сол замандардан қалған туындылар мынау еді деп айту мүмкін емес, ал, əдеби мұраларымыз сақталған.