Дөңгелек үстелдің ұраны


Осы тұста әдебиет пәнінен дарынды оқушы шығармашылығын қалай дамытамыз деген сауал туады



бет3/3
Дата05.03.2023
өлшемі99,8 Kb.
#71725
1   2   3
Осы тұста әдебиет пәнінен дарынды оқушы шығармашылығын қалай дамытамыз деген сауал туады.
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.
Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Жаңалыққа деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Осы негізде жеке тапсырмалар орындау, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастырту қызығушылықтарымен қоса, шығармашылықтарын дамытады.
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» - деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел.
Ендігі мәселе: Шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауын одан әрі дамытудың жолдары қандай және ол үшін мен болашағыма қандай жоспар алдым.
Жауап біреу – ақ. Болашақта өз оқушыларымның шығармашылығын дамытуда ізденімпаздылық жұмыстарға, соның ішінде жобалау технологиясына байланысты зерттеу жұмыстарына қатысу. Яғни, оқушыларымды мектепішілік, аудандық, облыстық ғылыми – практикалық конференцияға қатыстыру. Мұның өзі шығармашылық жұмыстың шарықтау шегі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет