Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


(Ө) Мəтінді іштей түсініп оқу



бет140/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   305
(Ө) Мəтінді іштей түсініп оқу.

Қарлығаш неге аузын ашып ұшады?

Біздің халқымыз қарлығашты киелі құс санайды. Үйіне қарлығаш ұя салса, оны жақсы ырымға балайды. Ұясын бұзбайды.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген мультфильмді өздерің де талай тамашалаған шығарсыңдар. Сондағы қарлығаштың адамға достығы керемет нəрсе емес пе?!

Қарлығашты зерттеуші биолог ғалымдар осынау ұшқыр құстың ұшқан кезде аузын ашып алатынын анықтаған. Əрине, ол бекер емес екен. Қатты жылдамдықпен самғап келе жатқан қарлығаштың аузына ауадағы ұшып жүрген шыбын-шіркейлер өздері кеп түсетін көрінеді. Яғни, бұл – қарлығаштың

«аңшылығы». Ары-бері ұшып ауызын толтырған соң ол тапқан тамағын балапандарына əкеп береді. Сөйтіп күні бойы ұшып жүріп «аңшылық» жасайтын қарлығаш өзі де тойып, балапандарын да тойдыратын көрінеді. Сондай-ақ ол қаншама зиянды шыбын-шіркейлерді жойып, адамға да пайдасын тигізеді.

Қайырбек Шағыр


Қайырбек Шағырдың «Қарлығаш неге ауызын ашып ұшады?» атты мəтінін оқушылар іштей түсініп оқуды жүзеге асырады. Мұғалім оқыр алдында қарлығаштың ерекшелігін сипаттайтын тұстарға назар аудару қажеттігін айтады. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен қарап алуларын сұрайды.




2.3 Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар қою жəне жауап беру

4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған

сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.



(Т) Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар қою жəне жауап беру. Сұраулы сөздер кестесімен жұмыс.

Мұғалім əр топқа мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастырту үшін СТОДТ (Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы) əмбебап тəсілін қолданады. «Сұраулы сөздер» тəсілі

арқылы оқушылардың сұрақ қоя білу


















Сұраулы

Мəтіндегі тірек сөздер




икемділігін қалыптастыруға бағытталған




сөздер




кесте ұсынылады. Кестенің көмегімен

мəтіннің мазмұнын оқушының қалай

түсінгендігі анықталады. Əр топтың мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыруына мүмкіндік жасалады. Сұрақ мазмұны төмендегідей сипатта болады.



Не? Қайда? Қалай? Неліктен?

қарлығаш үйіне

қатты жылдамдықпен

........................





Мысалы «Қарлығаш неліктен ауызын ашып

ұшады?» жəне т.б.

Бір топтың қойған сұрақтарына екінші

топтың жауап беруі ұйымдастырылады.

2.6 Мəтіндерге салыстырмалы талдау жасау.

\


4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мəтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет