Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996), Парламент Сенатының депутаты (2002 жылдан), аудармашы.
Ә.Кекілбаев (1939 ж туған)
Романдар
«Шандоз»
«Аңыздың ақыры»
«Үркер»
«Елең-Алаң»
«Конец легенды»
«Плеяды – созвездие надежды»
«Всполохи»
Повестер
«Бір шөкім бұлт»
«Күй»
«Бәйгеторы»
«Шыңырау»
«Бәсеке»
«Ханша дария хикаясы»
«Құс қанаты»
«Бір шоқ жиде»
«Шеткері үй»
Әңгімелері
Аш бөрі»
«Ең бақытты күн»
«Ажар»
«Жүнді барақ»
«Ақ қайың»
«Ор теке»
«Ауыз»«Көлденең көк атты»
«Есболай»
«Тасбақаның шөбі»
«Керек адам»
«Міне, керемет!»
«Ақырғы аялдама»
«Галстук сатушы қыз»
«Абылай хан»
Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы қылып қойған жоқ, иманды, парасатты да етті. Шын мәніндегі Ғылым, Дін, Мәдениет Жазудың арқасында ғана пайда болды. Жазу арқылы адам өткен ұрпақтардың тәжірибесімен сусындады. Жазу арқылы Адам келер ұрпақтар алдындағы жауапкершілікті сезінді. Қажет десеңіз, адам шын мәніндегі адам кейпі мен болмысына жазудың арқасына жетті.
Ә. Кекілбайұлы
Әбіштің алғашқы әңгімелерінің қатарына 1964 жылы жазылған «Ең бақытты күн», «Аш бөрі», «Галстук сатушы қыз» тәрізді шығармаларын айтамыз.
Әбекеңнің жас қаламгерлік шағынан жақсы хабар беретін мынадай бір мысал бар. Елуінші жылдардың ортасы...
Содан кейін ол орта көлемдегі шығармаларға барлау жасап, «Шыңырау», «Бәсеке», «Күй», «Ханшадрия хикаясы» атты повестерін жазды.
Әбіш Кекілбаев прозаға үлкен дайындықпен келді. Бұған алғашқы әңгімелері куә. Ол бірден-ақ қаламы төселген қаламгер ретінде көрінді. Баяндаудан бастау алып сөзбен сурет салуға көшу, тақырып-нысананы терең білу, бақылағыштық, сезімталдық, өмірге құштарлық – бәрі-бәрі сөз жоқ үлкен сөз шеберлерінен үлгілі дәріс алудан.
Әбіштің қалам саптасынан ұлы М. Әуезов мектебінің сабақтары айқын көрінеді.
«Ең бақытты күн», «Аш бөрі» «Галстук сатушы қыз» әңгімелері – аралары алшақ үш кезең – қазақ өмірінің елеулі белестерден үзіп алынған өмір шындықтары. Бірі оқырманды өткен ғасырға алып кетсе, енді бірі екінші дүниежүзілік соғыс аласапыранының қанды ортасынан, ер азаматтардың елге оралған сәтінен елес береді, ал үшіншісі қазіргі заманғы қазақ жастары тұрмысынан бір үзік көрініске жүгіндіреді.