Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері



бет5/8
Дата31.12.2021
өлшемі41,1 Kb.
#21417
1   2   3   4   5   6   7   8
Мемлекеттік қызмет туралы заң
Мемлекеттік қызметшілердің арнайы еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң. Заңда мемлекеттік қызметшілердің түсінігі берілген, оларды қызметке алу және босату тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері анықталған. Бұл заң мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар шектеулер) және демалыс уақыты, қосымша ақы төлеу бойынша жеңілдік-нормалар және т.б. белгіленген. Бұл актіде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының еңбек туралы заннамасынын (зандардын өзінде аталып өткен кейбір ережелерді санамағанда) әрекеті таралатындығы аталып өткен. Аталған заң қызметке конкурстық тәртіппен алуды және біліктілік емтихандарын енгізді.
Заңдардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентіңщ жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және т.б.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасындағы заңға сәйкес актілердің ішінде ұсыңушылық сипаттағы актілер да бар. Олардың негізінде локальдық актілер де бар. Мысалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек шартын (келісімін) жазбаша нысаңда жасау туралы ұсынысты және Еңбек шартыңың (келісімінің) үлгілік ңысанын бекіту туралы» қаулысы.
Бұл актіде еңбек шартын жазбаша ңысанда қалай жасасу туралы ұсыныстар және келісімңщ үлгілік нысаны келтірілген. Ұсыңушылық актілердің негізінде жергілікті жерлерде еңбектің локальдық нормалары жасалады.
Локальдық нормативтік актілерді басшылық (жұмыс беруші) белгілі бір өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіптік одақ комитетінің қатысуымен еңбек ұжымының жалпы жиналысыңда қабылдайды. Оларға, мысалы, мына актілер жатады: ішкі еңбек тәртібіңщ ережелері, еңбек ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы ұжымдық шарт, жыл бойғы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлеу туралы ереже, еңбекгі қорғау мәселелері бойынша әр түрлі келісімдер.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен қабылданған бірқатар актілер де бар. ҚР Президенті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықтар мен өкімдер шығарады, олар заңға сәйкес актілер болып табылғандықтан ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен еңбектің әр түрлі мәселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысты нормалар қабылданады. Еңбек жөніндегі арнайы орган - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миңистрлігі. Бұл министрлік еңбекті қорғау, жалақы, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау және өзге де мәселелер жөнінде актілер қабылдайды.
Мәслихаттар және әкімдер өз құзыреті шегіңде өздеріне бағыңысты аумақтарда еңбекті қолдаңу және ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясыңың 88-бабына сәйкес мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағыңда міңдетті күшке ие. Егер мәслихаттардың шешімдері ҚР Конституциясына және заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. Ал әкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің немесе жоғары тұрған әкімдердің актілерімен жойылады, сонымен қатар, сот тәртібімен де жойылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет