Еңбекті оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері?


Қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптары?



бет3/3
Дата08.06.2022
өлшемі28,47 Kb.
#36546
1   2   3
Қауіпсіздік ережелері мен жеке гигиеналық талаптары?
Еңбекке үйрету сабағында балалардың кескіш құрал саймандарды дұрыс қолданбағандығын кесіп алу және жарақаттануына әкеп соқтырады. Жарақаттану тек кесу кезіңде ғана емес материалдарды балқыту кезіндеде болуы мүмкін, бірақ басқа еңбек операцияларын орындаған кездеде мысалы желімді қайнатқанда және тағы басқа техникалық қауіпсіздік ережесін қатал сақтағанда ғана кепілдік қызметін сенімді атқарып, сәтсіздіктің алдын – ала алады.
Сондықтан құрал – саймандарды қарап бейімдеп білу ережесі мұғаліммен оқушы үшін басты шарт.
Техникалық қауіпсіздік ережелерін ортақ кез – келген жұмысқа қатысты және жеке меншік жекеленген жұмыстарға байланысты деп топтауға болады.
Техникалық қауіпсіздіктің жалпы ережелері.

  1. жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен баста.

  2. өзіне таныс емес құрал – саймандармен қолданба.

  3. Құрал – саймандарды белгілі орында ғана қолдан. Шегені тістеуік немесе қысқышпен майыстырма.

  4. Жұмысқа жарамсыз және өтпейтін құрал – саймандармен жұмыс істеме.

  5. жұмыс кезінде құрал- сайманды мұғалім көрсетсе солай ұста.

  6. Құрал – саймандармен жабдықтарды белгіленген орында сақта.

  7. жұмыс орнын таза және ұқыпты ұста.

  8. Құрал – саймандармен жабдықтарды мұғалім белгіленген жерге ретімен жина.

  9. жұмыс кезінде сөйлеспе.

  10. Жұмысты ұқыпты орында, бөгде жұмысқа назар аударма.



Тұрмыстық еңбеқ негіздері?

Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру қоғамның бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі және басты талаптарының бірі. Қоғамдағы әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғам байлығын еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал қатынасуы, қоғамның алғы шарттарының бірі болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыру әлеуметтік тәрбие шарттарының негізгі-жалпы орта білім беретңн мектеп. Еңбекке тәрбиелеу мектепте тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамның жан-жақты жіне үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.


Еңбек ету арқылы адамның дүниеге көзқарасы оң бағытта өзгеріп, этика, этикалық түсіну сезімдері артады.
Жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарда жүретін «Еңбекке баулу» пінінің тиімділігімен балаларды еңбекке тәрбиелеудегі маңызын арттыруда, егемен елімізде көптеген оң өрістер жүргізілуде. Мәселен халыққа білім беру заңы мен тұжырымдамасында жалпы адами құндылықтар капиталын бойына сіңірген, еңбекке жарамды және икемді тұлға қалыптастыру мәселесінің өзектілігі айтылған.
Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы бойынша мынадай бөлімдер қамтылған.
-техникалық еңбек;
көркем еңбек;
-дизайн.
-тұрмыстық еңбек;
«Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнын жетілдіруде 1998 жылғы стандарт нұсқасындағы «Ауылшаруашылық еңбегі» бөлімі «Дизайн» бөлімімен ауыстырылса, бұрынғы «Өзіне өзі қызмет ету» бөлімі «Тұрмыстық еңбек» болып өзгертілген. Ол бүгінгі ауыл мектептерімен экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескеруді, заман талабына сай еңбек түрлеріне баулуды көздейді. оқушылар;
-Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау технологиясын үйренеді.
-Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді.
Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтанады.
-Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі.
Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді.
Мектеп, сынып, жанұяда түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. Бұл жаңа стандартқа сай бағдарлама мазмұнында бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың ұлттық қол-өнеріне бейімдеу, тәрбиелеу мен бірге, әрбір ұлттық қолөнер үлгілері ұлттық нақышта дайындалуымен қатар оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру көзделген.
Елімізде бекітілген жаңа білім стандартының мазмұны бойынша «Еңбекке баулу» пәніне өту барысында әрбір сабақта бастауыш мектепте өтілетін кез-келген пәндермен байланыстырып өтуге болады. Бұндай процес «пән аралық байланыс» деп аталады. Бұл байланыстың мәні берілетін білім мазмұнын толық ашуға, оқушыларды сол білім мазмұнымен толық таныстыруға жіне логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда өте зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет