Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет28/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
64 
Жаппар олардың түнгі алаудың жарығынан серейіп-серейіп көрінетін 
ұзынтұра көлеңкелеріне, дағарадай бөріктеріне, белдеріне салбыратып 
асып жүрген қылыштарына қарап көп отырды. Ол осы бір жүзі суық 
адамдардан сескенуін сескенгенмен, манағы ымырттағы мелшиген үнсіз 
тоғайдан қорыққанындай емес, бір түрлі арқасы жазылып қалғандай. 
Əлгінде ғана ту сыртынан тісін қайрап тұрғандай көрінген көп жыртқыш 
та кейін серпілгендей. Ернек басындағы бейсаубат түнгі жолаушыларды 
қара түтты ма, бағанағы бойын балбыратқан тəтті ұйқы қайта меңдете 
бастады. От қасында сенделіп жүргендерге мүлги қарап отырып, ұйықтап 
кетіпті. 
Бір уақта əлдекім иығынан тартқылады. Оянып кетсе – əкесі. Ол мұны 
ымдап: «Соңымнан ер», – деді. Екеуі бағана сексеуілге арқандап кеткен 
есегіне келді. Сосын əкесі есегін жетектеп, мана өздері құлаған өкпе 
тұстағы ернекке тартты. 
Түлейден шыға бере-ақ таң бозарды. Бұл ернекке шыққан соң, түнде 
əлдекімдер от жаққан тұсқа қарап еді. Қарайып оттың орны жатыр. 
Қасында жан жоқ. 
Жаппар аң-таң. Осы бір ұйқылы-ояу қалпы құмнан қашан шықк,андарын 
да байқай алмай қапты. Əлдебір уақытта борпылдақ май топырақты айдау 
жолдың бойында келе жатқанын бір-ақ көрді. Алдынан сонадай көк-
жиекпен астасып жатқан ала теңбіл тау көрінді. Одан көп беріде көкшіл 
мұнарға қалқып тұрған көп қарайғанды көзі шалды. Қапталда ат 
шаптырым жерде сол көп қарайғанға қарай бұрын-соңды бұл көрмеген 
қызылды-жасыл ұзын-шұбақ керуен кетіп бара жатты. Керуеннің ал-
дында бір топ нөкер омыраулап, құйысқандап, кілем жапқан, үстіне 
сарғыш шатыр орнатқан пілді шырқ айнала қоршап апты. Керуеннің екі 
бетінде атты некер. Сол ұзын шұбақ шерудің соңын алып көк найзалы 
бір топ қол тағы келеді. Сары ала шеру көк мұнарға бөгіп, көлкіп 
тұрған кең қойнауға ене түсті. Бұлар көш соңын-дағы жүздері сұп-суық 
көк найзалы сақшылардан айбынғандай, қалып та қоймай, қуып та 
жетпей, алыстан ғана қараларына ілесіп ілбіп келеді. Түнде түлей ішінде 
от жаққан да солар болып шықты. Əкесінің Ұлы Құмнан шығатын жол-
соқпақтардың қай-қайсысында да бейсау-бат жолаушыларды тергеп-
тексеріп, торып жүретін қарулы сақшылардың қаһарына ұшырап қалмас 
үшін, қалың түлей ішіне əдейі түнегеніне Жаппар енді түсінді. Бірақ ол 
осыншама қалың қол анау салтанатты сары ала көш жыра-жықпылы, 
ұры-қарысы көп түлей маңынан қауіпсіз өтсін деп, алдарынан əдейі 
жіберілгенін, ал əлгі сары ала шатыр ішінде Əміршінің жас əйелі Кіші 
ханым кетіп бара жатқанын онда білген жоқ-ты. 
Бұның бəрін ол əкесі Байтақ шаһардың əр жер-əр жерінен төбеге салған 
қисық-қисық жиде ағаштарының тұқылынан басқа ештеңе көзге 
түспейтін, сарғыш саз топырақпен жымпитып майлап тастаған тəпене 
үйер мен кесек дуалдар қоршаған тап-тар ирек көшені шарлай-шарлай 
жүріп, əзер тауып түскен үйінің сөзуар иесінің аузынан шай үстінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет