Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет36/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
72 
бүгінге дейін жүрегінде өшпей келген ыстық ықылас бұдан былай 
жеккөрініштің жиренішті ызғарына айналатын шығар. Ол жалма-жан 
ернекке ұмтылды. 
Сонда барып көрді – мұнара түбінде үш-төрт күйме түр екен. Əлгі аппақ 
перде ыстықтан əбден күл өңденіп кеткен саз топырақта жел көтеріп, 
ұшып бара жатқан құстың мамығындай боп ағараңдап қаз қатар тізіле 
қал-ған күймелерге қарай беттеді. Соңында бір шоғыр адам. Солардың 
бірі топтан бөлініп жүгіріп барып, қақ ортадағы көк жібек перде тіккен 
күйменің есігін ашты. Екі сарғыш перде жамылған əйел əлгі əйелдің екі 
қолтығынан демеп күймеге отырғызды. Қызметші əйелдер қолтығынан 
демегенде, ақ желең перде бір-ақ желп ете қалды да, астындағы жарык
жалғаннан түгел жасырын жанды əлдекімнің əзəзіл жанары көріп 
қалмасын дегендей, қайта қымтай қойды. Тыпыршып тұрған жарау аттар 
ағызып ала жөнелді. Күйменің терезесіндегі көк жібек перде желмен 
ойнап бара жатты. 
Шебер соңына селдір тозаң ертіп зулап бара жатқан күймелерден көз 
айырмай қадалды да қалды. Күймелі керуен анадай жердегі Кіші ханым 
тұратын сарайдың баққа көмілген биік қорғанына кіріп, жоқ болды. Жаңа 
қасында болған əйелдің кім екенін ол енді барып аңғарды. 
Дүние күндегі байырғы кейпінен айрылып, қайдағы бір бұлдыр елеске 
айналып кеткендей. Төңірегіндегінің бəрін буалдыр мұнарға көміп, ымырт 
орнап келе жатты. Ол мұнара басынан сүлесоқ түсті. Төменге кеп 
жуынды. Құлдарды əлдеқашан қамалға айдап əкетіпті. Мұнара қасында 
мұны жатқан үйіне апарып сап, əкеліп сап тұратын қоңыр күймеден басқа 
ештеңе қалмапты. Ертеңіне таңертең күймеден түсіп жатып, мұнараға көз 
тастап еді, оның əлі əшекей жүгірмеген қотыр-қотыр қабырғалары мынау 
мөлдіреген таңғы ауада, тұнық көк аспан астында тым сиықсыз көрінді. 
Қара жердің қабырғасын қаусатып жіберетіндей боп, жер табандап жатып 
алған тап мынандай зілман үйікті қалай қалап шыққанына бүгін өзі 
қайран қап түр. Оның дəл мынандай оспадар сиқын да бүгін аңғарды. 
Шамасы мынау ығы-жығы кесек дуалдардан қашан бой асырам, соңау 
шаһар сыртындағы бостан түз көзіме қашан көрінеді деп бір тастың үстіне 
бір тасты өре бергеніне мəз болса керек. Түні бойы түсінде де кешегі бір 
мизам сағымындай ақ селдір перде мен күйме қапталында желмен ойнап 
желбіреп бара жатқан көк шəйі көз алдынан кетпей қойды. Енді, міне, күз 
білініп қалған май-да самал, таңғы ауа, ашық аспан аясында осыншама 
ойнақы да үлбірек дүниені езіп, жаншып тұрған мынау шомбал тас 
үйіктің бар салмағы өз жотасына түсіп тұрғандай, бір түрлі көңілі 
құлазып, ойсырап қалды. 
Əр тасты қалаған сайын анадай жердегі биік тас дуал қоршаған Кіші 
ханым бағына жалтақ-жалтақ қарап қояды. Оған сол бір жым-жырт 
бақтың ішіндегі оңаша сарайдың əлдебір терезесінен Кіші ханымның өзі 
қарап отырғандай көрінді. Сонда мынау сойқан үйік оның да жанарын 
жəбірлеп, кешегі ақ селдір пердедей үлбірек арманын тапап-жаншып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет