Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет26/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
62 
шолып, астындағы сала мойын қызыл нарды борбайлатып, қызылға қарай 
желіп барады. Ашамайының басына ілулі томпиған əлдене бұлғаң-бұлғаң 
етеді. Шамасы-сусын болса керек. Жаппар таңдайы кеуіп қатты 
шөлдегенін енді байқады. Анау жолаушыны тоқтатып, сусын сұраса 
қайтеді. Кенет əкесінің «өзім келгенше қыбыр етпе» дегені есіне түсті. 
Басы зеңіп, ернекті жағалап бірте-бірте қашықтап бара жатқан бейсаубат 
жолаушының соңынан көзін алмай, қатты да қалды. Енді байқады – 
түйе үстіндегі сəлделі адамның оң қолында ылдырмақ-шылдырмақ 
тағылған ақ таяғы бар екен... Диуана... Алба-жұлба, осындай жандар 
оқтын-оқтын бұлардың қыстағына да соғып кетіп тұратын-ды. 
Жаппарға анау диуана да дəл қазір бұлардың қыста-ғына кетіп бара 
жатқандай көрінді. Көңілі əлденеге құлазып сала берді. Жалғыз түйелі 
алыстай-алыстай ақыры көз ұшынан ғайып болды. 
Жаппар басы зеңіп бара жатқан соң, маңдайына сексеуілдің түбінен 
мұздай сыз топырақ алып басты. 
Шағылдардың тасасына барып күн батты. Жаппардың алдындағы селдір 
саңылау бұлыңғыр тартты. Көп ұзамай қара түлейді шыр айнала ымырт 
қоршады. 
Кешкі ымырт қара түлейдің ішіне енуге дауаламай, ернек басына іркіліп 
тұрып қалғандай... Аспан боп-боз. Ернектегі ақ шағыл құмақ та кешкі 
ымырттың бозғылт сəулесінен күл өңденіп көрінеді. Жаппардың 
айналасындағы андап-андап тұрған сойдақ бұталардың да бірте-бірте 
жігі жымдасып, біртұтас қап-қара қараңғылыққа айнала бастады. 
Ернек үстіндегі пышақтың жүзіндей жіп-жіңішке солғын сəуле əлсірей-
əлсірей ақыры біржола ғайып болды. Аспанның əр жер-əр жерінен 
жұлдыздар жылтырады, əуелі тұңғиық аспанның төріне барып іліне 
қалғанына қаймыққандай жыпылықтап тұрған сирек солғын жұлдыздар 
қатарлары көбейгесін нұры молайып, біраздан соң мынау елсіз шөлдегі 
қара түлейге тығылып отырған əкесі екеуін көздері шалып қалғандай, қақ 
төбелерінен жыпырлай төніп, жымың қағысты. 
Шөл аймақтың жұлдызы быжынаған қап-қара түні орнады. Жаппардың 
əлгінде ғана бойын балбыратып бара жатқан дел-сал ұйқы су сепкендей 
серпіліп, сүлесоқ кірпіктері қайтадан дүр көтеріліп, тікірейіп алды. 
Қайда қараса да, қара бурадай шабынып тұрған қою қараңғылық. 
Құлағын қанша түрсе де, сыбыс жоқ, меңіреу тылсым. Жан-жағынан 
қаумалай қоршап келе жатқан беймəлім қауіп сесін шығармай 
мысықтабандап үн-түнсіз жылжитындай. Бұл жүрегі атша тулап, сол бір 
қатерлі қауіп қанды шеңгелін қашан салар екен деп дегбірсіз тосады. 
Бірақ беймəлім қауіп үнсіз қабатын қара төбеттей, бұның əр қимыл, əр 
сыбдырын қалт жібермей анадайда аңдып жатады да қояды. Мұндай 
жүйкеңді құртатын үрейлі тыныштықтан қазір қанжар салатынын айтып 
шабатын атойлы қатердің əлдеқайда артық екенін Жаппар алғаш рет сезіп 
отыр. 
Түн ауып барады. Кенет түлей шетінен сыбдыр шықты. Əлдекім қалың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет