Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 68
манаурай керіліп ақ сұр шөл жатыр. Шаһар іші тырп етпей орын-орнында
қатқан да қалған. Көше-көшеде де қыбырлап жүрген ешкім жоқ. Ауаның
өзі мынау қыбырсыз-қимылсыз дүниеден қарап тұрып ұйыған қатықтай
боп қоймалжыңдана түскендей. Осыншама биік мұнараның ұшар
басында да лып еткен леп сезілмейді.
Шілде аспаны шыжыңқыраған сайын сонау көз ұшындағы ақ сұр шөл де,
одан бергі, əдетте қаралтым көрінетін бақша-жай көк жолақ алқап та,
шаһар үсті де күзді күнгі адыраспанның күліндей боп күлгін тартып
барады. Əлдебір тажал білегін сыбанып ап, аспан асты дүниені айлапат
тай қазанға айналдырып, бүкіл жер бетін күл қып ертеп соған салып
жіберіп ертеден кешке дейін сілті қайнатып жатқандай. Сонау қаныпезер
күн көзі сол айлапат қазанның астында лапылдап жанған алауға тамызық
беріп тұрған тажал шоғы тəрізді.
Жаппар осы бір қоймалжың дүниенің ортасында мал-тығып жүргендей
қимылы ауырлап, өне бойы зіл тартып барады. Істеп жатқан ісіне,
төңірегіне қанша зер салып қарағысы келсе де, зейіні быт-шыт шашырап,
ештеңеге тұрақтамайды. Жаппар əлдеқашан ұмытқан қайдағы бір елес
келеңдеп көз алдында тұрып алды. Мынау бозамық аспан бір сəт баяғы
бала кездегі езі өскен сұрқай қолатқа айналып кетеді... Сұрқай қолатта
тығылып отырған кішкене қыстағы көз алдына сайрап келе қалады.
Тіпті, əне, қолат бойынан соңына таспа шаң ертіп бұл баққан бір шөкім
қозы-лақ шұбырып өріске шығып барады... Соңдарындағы жалғыз өрім
селдір тозаң қойыла-қойыла кенет əлденеше өрімге айналады. Арқасына
он-сан бұрым тегілген талдырмаш қыз толқи басып өзенге беттеді.
Иығында – бұның қолынан шыққан құмыра.
Дəл осы тұста ұйығандай боп жан кетіп қалған денесін əлдекім шымшып
алғандай, тыз ете қалады. Сол-ақ екен мынау аспан мен жерді түгел көміп
алған күлгін күлдің арасында бозарып сеніп бара жатқан қос жанары оқыс
тіріліп жан-жағына қарайды. Талма түс. Тас мұнара. Аяғының астында
тырп етпестен талып жатқан өлі шаһар. Төбесінде етпеттеп төніп келе
жатқан күл-күл күлгін аспан.
Жаппардың ойына жаңа ғана кез алдына елестеп кет-кен қыстағы түседі.
Баяғысынша құмыра жасап сатып неге жүре бермеді екен? Мына жарық
жалғанда қой баққан мен сауда жасағанның, құмыра күйдірген мен
мұнара салғанның арасындағы айырма қайсы? Бəрі де – жанбағыстың
далбасасы. Қайсысының рақаты көп екенін кім біліп жатыр? Қайта
мынау аспан мен жердің арасында күдік пен үміттің тайталасына түсіп,
жалғыз-дықтың тар қапасында жапа шеккенінен сонау қара жерден
табаныңды бір елі көтермей, күнкөрісті күйттеген күйкі тірлігі дұрыс
емес пе еді... Онда мынау құжынаған кеп адамның қақ ортасында
жалғыздықтың жапасын шегетін ішқұста тірліктен бейхабар оңаша
қыстақта күнін көре бермес пе еді. Марқұм əкесі қартайған шағында осы
бір құмырсқаның илеуіне неге ділгəр бола қалды екен? Соншама өліп-
өшкенде не қызык, көрді? Жарты жылға жетпей жатып кез жұмды.