Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет33/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
69 
Қатын-баласының бір уыс топырағы да бұйырмай, жат жерде қалды: 
сөйте тұра, ажал аузында жатып бұған «кетпе» дейді. Онысы несі? 
Кетпегенде көрер рақаты мынау ма? Есірік дəме мен күл етек күдіктің 
құшағына кезек жығылған пұшайман тірлік пе? 
Əкесі байғұс мұның шебер болғанына сонша неге құмартты екен? Қары 
талғанша жұмыс істеп, қарны тойғанша тамақ ішіп, ажалды сағатына 
дейін арман да қумай, уайым да жемей күн кешетін өзге бір қарапайым 
кəсіпке неге баулымады екен... Баяғыда саз қарай шыққанда, жапантүзде 
жападан-жалғыз тұрып əлдебір жаққа көзі боталап көп қараушы еді. 
Сондағы көрсем-ау деп көкейін тескені осы ма, мынау аяғының астында 
тал-ма түсте күлден шыққандай боп, əң мен түстен айрылып қалған өлі 
шаһар ма?! 
Енді, міне, бұл да əкесі армандаған қолмен ұстарға жоқ тұлдыр ауадан 
тиянақтаяу іздеп, сонау зеңгір көкке жетпей қоймайтындай боп, өлімін 
сатып, күніне бір елі болса да, биікке тырмысқан осы бір жанқаста кəсіптің 
соңына түсті. Тұрлаусыздан тұрақ, тұлдырдан тірек таппақ есірік дəме. 
... Талма түстің ыстығынан ба, жоқ өз-өзінен зығырданын қайнатып, өне 
бойын у боп жайлап бара жатқан ызадан ба, əйтеуір көз алды қарауытып 
төңірегі бұлдырап қоя берді. Мынау шырқау биіктен ұшып кетем бе деп 
сескенгендей бір-екі саты төмен түсіп тұрды. Көз алдындағы бұлыңғыр 
тұтаса түскендей, əлгінде ғана шыр айнала өзі қалаған, əлі сылақ 
жүгірмеген қотыр-қотыр қыш кірпіштер де бірте-бірте қызғылтым өңінен 
айрылып, бір түрлі түссіз, сондықтан да түсініксіз жұмбақ мұнараға сіңіп 
бара жатқандай. Бұл – аспан мен жердің арасында қалықтап тұрғандай, 
Тек дəл аяғының астындағы мұнараның басына көтерілетін оймақтын 
аузындай қара қуысты ғана əлгі бір жан-жағын түгел обып келе жатқан 
озбыр бұлыңғыр əлі жалмап үлгере қоймапты. Кенет аяғының астында 
қарауытып жатқан қара қуыс оқыс жарқ ете қалды; артынша-ақ 
маңайына ойда жоқтан сарғыш сəуле шашырағандай болды; сол бір 
ақшыл, сарғыш ұлпа сəулелер өсе-өрши түсті. Ұлғая-ұлғая əлдебір тұлғаға 
айналды: қозғалатын, қыбырлайтын тəрізді. Бұған қарай жылжып келе 
жатқандай. Деңгейлескендей. Міне, мұның дəл қасына, қарсы алдына 
кеп тоқтады. О да мы-нау көгілдір аспан мен сонау аяқ астындағы түссіз, 
тұлдыр зымыранның арасында қалқып тұрып алды. Егер бірін-бірі 
абайсыз қағып кетсе, екеуі де сонау құрдымға құлап, быт-шыт болардай... 
Қарсы алдына кеп тоқтаған елес қайта қозғалды, Бұған қарай жақындап 
келеді... Тұла бойы дүр түршігіп, оқыс селк ете қалды. Көз алдын 
көлкештеп тұрған түссіз мұнар жым-жылас ыдырап, төңірегіндегі 
үйреншікті дүние үйреншікті қалпымен құлазып қоя берді. Сылақ 
жүгірмеген қотыр-қотыр қыш тастар аяғының астында төбе-төбе боп 
үйіліп жатыр. Мұнараның ернеуіне тастай салған балшық-балшық май 
қалақ құлап кетпей шаққа түр. Əлгібір бастығыры-лыққан кісінің 
түсіндей бұлыңғыр, буалдыр дүние күн қыза көтерілетін күзгі мизамдай 
əлдеқайда ғайып бопты. Бірақ ол жаңағы дел-сал бұлыңғыр сəт пен дүние 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет