Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы


том - ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы



бет8/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
8 том - ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы
9 том - ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы
10 том - тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы


10

  1. Жанр жүйесі мен әңгіме сипаты: лирикалық проза табиғаты

Лирикалық проза — автордың нәзік көңіл-күйімен, сезім әсерімен жазылған прозалық шығармалар. 
Лирикалық проза өз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір түрі ретінде қарастырылады. Мұндай шығарманың композициялық құрылысы лирикалық кейіпкердің тебіреніс-толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейді. Алайда кейіпкерлердің бүкіл бастан кешкен көңіл-күй әсерлерінен белгілі бір желі пайда болып отырады. Оны шартты түрде лирикалық желі деп атауға болады. 
Кейіпкердің ой-сезімі, басқа адамдармен әр түрлі қарым-қатысы, қайшылығы жағдай, оқиғаға айналып, бір-бірімен қалайда жалғасып, астасып жатады. Лирикалық прозаның қаһармандары ойламаған жерден күтпеген жағдайларды, өзгерістерді бастан өткеріп отырады.[1] Орыс әдебиетінде Лирикалық прозаны жоғары сатыға көтерген Тургенев болды. Қазақ әдебиетіндеЛирикалық прозаның белгілері Ж.Аймауытовшығармаларынан айқын танылады.



  1. Абайтану тарихы мен тәжірибесі

Абайтану тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты.

Академик Қ. Жұмалиевтің жетекшілігімен осы тақырыпқа «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деп аталатын кандидаттық диссертация қорғалып, ақын мұрасы туралы жазылған еңбектердің тұңғыш библиографиялық көрсеткіші «Абай Құнанбаев» деген атпен жарық көрді (1965).


Осы еңбектер негізінде М. Мырзахметұлының «Абайтану тарихы» деген тақырыпта монографиялық ғылыми-зерттеу жұмысы жарияланды (1994). Ендігі жерде абайтанудың негізін салушы Әуезов дәуірін аяқтап, 1965-1995 жылыаралығындағы Абайтану тарихын жазу міндеті алға шықты. Абайтану саласындағы ақтаңдақтар қатпары жазылып, бұрын назардан тыс қалған мақалалар мен зерттеулер арнайы топтастырылған жинақ «Абайды оқы, таңырқа» деген атпен оқырман қолына тиді (1993). Абай тарихы жоғары оқу орындарында 1966 жылдан бастап арнайы курс ретінде бастады.[1]


Абайтану тарихы — бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды. Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.


Хронологиясы мен кезеңдері


Өңдеу
Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланған.

Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:


Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған;


Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–26 және 1926–40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты;
Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–45 ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.
Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен семинар сабағы ретінде Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытылады.[2]

  1. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы” (екі том) мәні мен сипаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет