Уфада «Оян, қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. Ол мынадай өлең жолдарымен басталады:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты.
1910
|
Қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман – «Бақытсыз Жамал» романы Қазан қаласында басылып шықты. А.Байтұрсынов: «Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған М.Дулатов болды», - деп алғаш пікір айтып, романды бағалаған.
|
1911
|
Маусымда «Оян, қазақ!» кітабы үшін Семей түрмесіне қамалып, 19 ай бойы абақтыда болған.
|
1913-1918
|
А.Байтұрсыновпен бipre «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.
|
1920
|
Ташкентке келіп, «Ақ жол» газетінде қызмет еттім.
|
|