Дастандары:
«Шөпке барғанда»
«Құдалар»
«Әли батыр»
«Қырғызбай»
«Кенебай-Кербез»
«Бұрынғы өткен батырлар»
«Жалғыз қаз»
«Жамбыл - жыр».
Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, дауысым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді.
Екі мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885–1935)
Туған жері: бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші болысы (қaзipri Қостанай облысы, Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылы).
Қызметі: қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Маңызды деректер:
2 жасында анасынан, 12 жасында әкесінен айырылып, Асқар деген ағасының тәрбиесінде болады.
|
1897–1902
|
Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде Мұқан Тоқтабайұлынан дәріс алады. Ол жайлы: «Менің алғаш білімге көзімді ашқан осы кісі», - деп айтқан.
|
1902
|
Ауылда мұғалім болды.
|
1904
|
Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі.
|
1905
|
А.Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. Патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
|
1906
|
Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады.
|
1907
|
Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңін, бүркеншек атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды.
|
1909
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |