Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Салт айтысының екі түрі бар: қыз бен жігіт айтысы және ақындар айтысы



бет13/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

Салт айтысының екі түрі бар: қыз бен жігіт айтысы және ақындар айтысы.

а) Қыз бен жігіт айтысы – көбіне той-думанда, мерекелік жиында айтылады. Той-думанның бір бөлімі болып кіруі оның салт өлең екендігін айқындайды. Басты ерекшелігі – айтысқа түскен қыз бен жігіт арасында әзіл-қалжың, сондай-ақ әлеуметтік жағдайлар көбірек баяндалады. Мысалы, «Омарқұл–Тәбия», «Біржан–Сара», «Жамбыл–Салиха», «Кенен–Ләтипа», «Сүйінбай–Күнбала» т.б.

ә) Ақындар айтысы – айтыс жанрының кейінгі даму кезеңінің жемісі. Айтыстың негізгі арқауы – ру мәселесі. Дәстүр бойынша әр ақын өз руының басшыларын мақтап немесе ел-жұртқа жасаған зорлық-зомбылықтарын әшкерелеп, бір-бірімен айтысады. Ақындар айтысының өзіндік ерекшеліктері:


    • өлеңді табан астынан шығарады;

    • тақырыбы белгісіз;

    • тосын сұрауларға тап болады;

    • екі ақында бір-бірін сүріндіру үшін өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те айтады;

    • ақынның ел-елдің шежіресін, тарихын, этнографиялық ерекшеліктерін білуі керек;

    • ақындар домбыра не сырнайдың сүймелдеуімен әндетіп айтады;

    • айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді.

    • Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі – оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар: Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тәбия.

    • ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:

Дау айтып күні бұрын көрсетпелік,

Майданда озса жүйрікке есептелік.

Орта жүз түгел білген Ырысжанмын

Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, –

деп, Әсетті ықтыра сөз тастайды, ал Әсет оған:

 

Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ,



Алты арысқа білінген екен менмін, –

деп, асқақ жауап қатады.


6) Жар-жар айтысы – үйлену тойында айтылатын қыздың зар-мұңы секілді, соны жұбату секілді тұрмыс-салттық айтыс түрі.

7) Осы күнгі айтыста сөзге, ойға жүйрік ақындар жаңа заманға лайықталған жыр жолдарымен, ерекше сөз саптаулармен, тосын теңеулермен, жарасымды әзіл-қалжыңдармен айтысуда. Осы күнгі айтыскер-ақындар: М.Тазабеков, Б.Имашев, М.Қосынбаев т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет