«Жат қолында» (1984. «Оянған өлке» романының екінші кітабы. Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы суреттелген.).
«Қыз Жібек» либреттосы
«Ақан сері–Ақтоқты» пьесасы. Пьесадан үзінді:
...Тас қорғанда ел отыр да
Қақпасында хазірет,
Кімге естілмек адам зары?
Жапандасың, жалғызсың,
Кімге естілмек айғайың?
...Неткен мағынасыз бос өмір.
Ана жайлы әңгімелері:
«Адамның анасы» (1934)
|
ертедегі жаугершілік заманда самсаған сары қолдан қаймықпай, туған қызын азат ету үшін қайрат көрсеткен ана тұлғасы жайлы
|
«Ашынған ана» (1934)
|
жасы жетпеген баласын майданның қара жұмысына еріксіз жіберген озбыр болыс мен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапия ананың пышақ жұмсап, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры большевиктер оны түрмеден босатып алуы жайлы
|
«Ананың арашасы» (1934)
|
Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылын шапқылап, елді атып-асуы, Нағиманы большевик балаңды тауып бер деп соққыға жығуы, ананың төзіп, ақтар армиясының әскеріне намысына тигізіп сөз айтуы, оларды командиріне қарсы қоюы, ақыры, олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.
|
«Ақлима» (1944)
|
жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі жайлы
|
«Ер ана» (1942)
|
Жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйді өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы жайлы.
|
Әңгімелері:
«Қос шалқар» (1929)
|
Егінді жерлерді бөліске салу, ұжымдастыру жайлы. Қосым сияқты байлардың шөбін шауып, малын баққан Күсен секілді кедейлердің артель болып ұйымдасуы жайлы.
|
«Көк үйдегі көршілер» (1929) «Күсен» (1930)
|
Колхоздастыру кезіндегі қиындықтар
|
«Бір адым кейін, бір адым ілгері» (1932)
|
Таптық күрес, астыртын әрекеттер, ауылдың бай мен кедей болып бөлінуі, жаңа заманға өткен қоғам өкілдерінің риза болмай қарсы тұруы. Басты кейіпкерлер: колхоз бастығы Рамазан мен оның орынбасары Жанғалилер өз туыстарын ғана колхозға тартып, рушылдықты қоздырды. Сүгір молда, Есентайлар астыртын колхоздың қоймасын өртеп, малды өлтіріп, жаулық әрекет жасайды.
|
«Талпақ танау» (1934)
|
Колхоздастыру кезеңнің шындығы жайлы. Колхоз предцедателі Сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып әкеліп, бесінші түлікті өсіруі, оны Есен шалдың бағуы, ауыл адамдарының оған жирене қарауы суреттеледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |