Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет159/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

«Ұлпан» романы (9-сынып)

Қазақ аулының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, бай-кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде баяндалады.

Кейіпкерлер:

Есеней – негізгі кейіпкер. Керей-Уақты билеген аузы дуалы би, атақты бай.

Ұлпан – Арқабай батырдың қызы.

Мырзаш – Түлен саудагердің таз баласы, Ұлпанды айттырған жігіт.

Біжікен – Ұлпаннан туған Есенейдің қызы.

Торсан – Біжікеннің күйеуі.

Шоқан – Торсанның үлкен ұлы.

Қысқаша мазмұны: Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен Есеней қалың жылқысын Арқабай батырдың жайылымына байқамай жайып келе жатқанда, еркекше киінген Ұлпан оған қарсы шығып, Есенейді сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші Ұлпанға ғашық болады. Ұлпанды қолына түсіруіне екінші себеп – айттырған күйеуі Мырзаштан құтыла алмай отырған кезіне тап болады. Әрі бай, әрі қолында билігі бар Есеней Ұлпанды айттырып қойған жерінен арашалап алып, үйір жылқы беріп, екінші әйелдікке алады. Қатал, озбыр Есенейдің жүрегін Ұлпан жібітеді. 10-15 жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпан Сыр бойына өнерлі адамдарын ертіп барып, үйір жылқы айдап апарып, өлгеніне 75 жыл болған нағашы атасы Сырым батырды аза тұтып, асын бергізеді.

Есеней тоғыз жыл сал болып жатып, қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Торсан деген пысық жігітке қосып, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған дүние-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса опақ, тұрса сопақ» күйге түсіреді. Қорлыққа шыдамаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін», -деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Оның қарғысына ұшыраған болыс Торсанның үлкен ұлы Шоқан өз әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде торсан өліп, балалары қаңғырып кетеді, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет