Әнуар Әлімжанов
(1930-1993)
Туған жері: бұрынғы Талдықорған облысы, Үйгентас ауданы, Қарлығаш ауылы.
Қызметі: Қазақстанның Халық жазушысы.
Алдымен шешеден, 1941 жылы әкеден жетім қалып, балалар үйінде білім алған.
Лепсі педагогика училищесін (1949), ҚазМҰУ-дың журналистика бөлімін (1954) бітірген.
Журналистік қызметін облыстық «Алма-Атинская правда» газетінен бастаған.
1955 жылдан бастап:
«Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі;
«Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары;
Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша «Правда» газетінің тілшісі;
«Қазақфильм» студиясының Бас редакторы;
«Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы;
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы;
Республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы;
КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы.
Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің мүшесі;
Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының мүшесі;
Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болды.
1991 жылы 26 желтоқсанда кешегі «халық жауының» ұлы Әнуар Тұрлыбекұлы КСРО Жоғарғы Кеңесі Республикалар палатасының төрағасы ретінде КСРО-ның жойылғандығы туралы декларацияға қол қойды.
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж.Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: |