«Жүз жылдық жара» әңгімесі
Кейіпкерлері:
Кенжегүл кемпір – дәрі шөптерді жинайтын Мыңбұлақ халқының дәрігері.
Жуанқұл – колхоз бастығы.
Дадабай – Жуанқұлдың аудандағы досы.
Қабасақал – Дадабайдың досы.
Ақсақ Ахмет – темірші. Майданға кеткен алпыс азаматтан елге оралған екі-үш ақсақ-тоқсақтың бірі.
Баян, Кәмәсия, Сәрсенкүл – ауыл әйелдері.
Қысқаша мазмұны: 1943 ж. қазақ ауылында өткен оқиға баяндалады.
Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал – үшеуі мас болып келіп, Мыңбұлақтағы Бахтияр бағында өсіп тұрған ауыл тұрғындары қасиетті санайтын көпжылдық Байшынар ағашын кеспек болып, аралайды, балталайды, соңында Қабасақал балта шабылған жерге май төгіп өртейді. Бірақ Кенжегүл кемпірдің аттан салуымен, ақсақ Ахметтің бастауымен ауыл адамдары ол үшеуін қуып жіберіп, Байшынарды аман алып қалады.
Оқиғаның соңында көп жылдар өткеннен кейін, Жуанқұлдың сол Байшынардың жанын өтіп бара жатқанда, аты үркіп, өзі омақаса құлап, омыртқасы опырылып, жұлынын қысып қалғаны, сөйтіп орнынан тұра алмай, төсек тартып жатып қалғаны, сол күннен бастап, Байшынарға қарап жатып, кешірім сұрап жататыны айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |