Жинақтары:
«Асқардан асу»
«Арғымақтар»
«Қыш кітап» поэмасы
Өлеңдері:
«Арғымақтар»
«Қыз қуу» (ұлттық дүниетаным мен салт-дәстүрді сипаттайды) т.б.
сАЙЫН МҰРАТБЕКОВ
(1936 жылы туған)
Туған жері: Талдықорған өңірінің Қапал ауданы, Қоңыр аулы.
Қызметі: жазушы.
Орта мектепті бітіріп, ауылында мұғалім болды.
1954 ж. алғашқы әңгімесі жарияланды.
1971 ж. Мәскедегі М.Горький ат. Әдебиет институты жанындағы жоғарғы курсты тамамдайды.
Кітаптары:
«Менің қарындасым»
«Ауыл оты»
«Жабайы алма»
«Дос іздеп жүрмін»
«Кәмен-Тоғай»
«Жусан иісі»
Төлеген Айбергенов
(1937-1967)
Туған жері: Қарақалпақстан, Қоңырат ауданы.
Қызметі: ақын.
1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогикалық институтын бітіріп, 1965 жылға дейін мектеп мұғалімі, мектеп директоры болды.
Алғашқы жазған өлеңдерінен-ақ қазақ поэзиясына тың серпіліс, жаңа бір екпін әкелді. Оның туған жерге деген сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы өлеңдері 1961 жылы шыққан жас ақын-жазушылардың «Жас дәурен» жинағына кірді.
1967 жылы Нүкіс қаласында қайтыс болды.
Кітаптары:
«Өмірге саяхат» (1963)
Достарыңызбен бөлісу: |