«Құстар қайтып барады» (әні Н.Тілендиевтікі)
«Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» (әні Ш.Қалдаяковтікі)
«Ертіс вальсі» (музыкасы Жамақаевтікі)
«Шақырады көктем» (әні Ә.Бейсеуовтікі)
Байрон, М.Лермонтов, Т.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Қабдеш Жұмаділов
(1936 жылы 24 сәуірде туған)
Туған жері: Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай аулы.
Қызметі: ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.
|
Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді.
|
1956
|
Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылды.
|
1958–1962
|
Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.
|
1962
|
Қытай шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай калған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты.
|
1965–1967
|
«Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет етті.
|
1967–1976
|
«Жазушы» баспасында қызмет етті.
|
1976–1981
|
Мемлекеттік баспалар комитетінде қызмет етті.
|
1981
|
Осы жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
|
1998
|
«Қазақстанның Халық жазушысы» деген атақ берілді.
|
Шығармашылығы
1954
|
Алғашқы өлеңдері «Шыңжаң газетінде» жарық көрді.
|
1956
|
«Жамал» атты алғашқы әңгімесі «Шұғыла» журналында басылды.
|
1967
|
Жастық шақта жазылған өлеңдері «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты.
|
1968
|
«Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы шықты.
|
1969
|
«Көкейкесті» романы жарық көрді.
|
1974–1981
|
Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» романы шықты.
|
1985
|
«Атамекен» романы шықты.
|
1988
|
«Тағдыр» романы шықты. Соңғы 3 романда Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған.
|
1983
|
«Соңғы көш» дилогиясына М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.
|
1990
|
«Тағдыр» романына Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
|
1996
|
Екі томды «Дарабоз» романы тарихи тақырыпқа жазылды.
|
1999
|
«Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді.
|
2003
|
«Қылкөпір» романы жазылды.
|
«Саржайлау», «Сөйгүліктер», «Бір қапаның тұрғындары», «Бір түп тораңғы» атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан.
«Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен» романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған.
Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, «Соңғы қош» романы түрік тілінде жарық көрді.
Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Негізгі еңбектері 2003-2004 ж.ж. «Қазығұрт» баспасынан шыққан «Он екі томдық» шығармалар жинағына топтастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |