«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары»
Ел ішіндегі теңсіздік, қатерлі келеңсіздіктер жайлы.
Әңгімелері:
«Бақша ағаштары»
Әкесі балаға бақшадағы түзу және қисық ағашты көрсетіп: «Бағып-қағуда көп мән бар. Сен жас ағаш сияқтысың. Саған да күтім керек. Сен менің айтқанымдарымды ұғып, орнына келтірсің, жақсы түзу кісі болып өсесің. Ал бағусыз бетіңмен кетсең, мына қисық біткен ағаштай қисық өсесің», - тәрбиелік маңызы бар ой айтады.
«Тәкаппарлық»
Атақты ғалым Вениямин Франклиннің жастық шағында басынан кешкен бір оқиғаның оған өмір бойы сабақ болғанын айта келе, хан болсаң да, қара болсаң да, кішіпейілдіктен опық жемейсің, тәкаппарлық ұятқа қалдырады дегенді айтады.
«Әдеп»
Әдептілік, кішіпейілдік туралы
«Асыл шөп»
Сабырлы болуға шақыру
«Аурудан аяған күштірек»
Сейіт деген баланың ерлік ісі арқылы ата-анаға мейірімділік және төзімділік туралы айтады.
«Бір уыс мақта»
Ысырапшылдық туралы
«Мейірімді бала»
Қытай жұртында ұрлық жасаған адамның қолын кеспек болғанда, әкесінің орнына жас қызының өз қолын кесуге келісімін бергенін баяндау арқылы баланың әкеге деген мейірімділігін дәріптейді.
«Мұңсыз адам»
Біріншіден, өмірде армансыз, мұңсыз адамның жоқ екенін айтады. Екіншіден, дені сау, ішерге тамағы бар адамның өзін бақытты санайтынын айта келе, бар байлық адал еңбек пен зор денсаулықта, дені сау адам бақытты дейді.
Адамгершілік тәрбие беру жайлы әңгімелері:
«Алтын шеттеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Таза бұлақ», «Бақша ағаштары»,
Еңбексүйгіштік жайлы әңгімелері:
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жар баласы», «Жан-жануарлар айтысы», «Дүние қайтсең табылады?», «Байлық», «Киіз үй мен ағаш үй», «Қыпшақ Сейітқұл»,«Әке мен бала», «Мұңсыз адам» т.б.