Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы
(1843–1913)
Туған жері: Көкшетаудың күнбатыс жағындағы Қоскөл деген жер.
Қызметі: ақын, әнші, сазгер, домбырашы, шешен, бүркітші, аңшы.
Әкесі Ақан серіні 13 жасында молдаға діни оқуға берген.
Ғабит Мүсірепов Ақан сері–Ақтоқты оқиғасының желісінде пьеса жазды. Бұл спектакль 1942 жылдан бері республикалық театрларда қойылып келеді.
Сыдық Мұхаметжанов пен Ғабит Мүсірепов жазған «Ақан сері–Ақтоқты» операсы 1982 жылдан Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылып келеді.
Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы Ақан сері өмірін тұтастай қамтыған.
«Құлагер» әні негізінде, әннің туу оқиғасына құрылған Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы бар.
«Балқадиша» әнінің оқиғасы бойынша Серік Тұрғынбекұлы «Ақан сері–Балқадиша» атты дастан жазды.
«Заман адамы» деген туындысында қазақтың артта қалу себебі: еріншектік пен жалқаулық дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |