XX ғасыр басындағы әдебиет
Жамбыл Жабаев
(1846–1945)
Туған жері: қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Жамбыл тауының етегі (1846 жылы 28 ақпан).
Қызметі: екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын. «Халық поэзиясының алыбы», «XXғасырдың Гомері». «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» деген ұлы тұлға.
М.Әуезов: «Жетісу ақындарының алтын діңгегі».
16 жасында Жамбыл – ұстазы Сүйінбайдан бата алған.
Алғашқы өлеңдері: «Шағым», «Әкеме».
Айтыста Бақтыбай, Сары (1875), Сарбас (1885), Досмағамбет (1907), Құланаян Құлмамбет (1897), Шашубаймен (1909) айтысқан, әсіресе, 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп, Жетісудің атақты ақыны аталды.
Жамбылдың Сайқал қыз, Жаныс ақын, Бөлектің қызы, Бұрым қыз, Айкүміс, Сара, Сары ақын, Шыбыл (1890), Бөлтірік (1890), Майкөт (1891), Сарбас, Құлмамбет, Доспамбет, Шашубаймен т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды.
Оның айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре айтыс та бар.
Достарыңызбен бөлісу: |