Әріп Тәңірбергенов
(1856-1924)
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы.
Қызметі: ақын.
Кедей шаруаның үйінде туған.
11-12 жасында ауыл мектебінде сауатын ашқан.
Семей қаласындағы миссионерлік мектепті бітіреді.
Орыс, қытай, араб, парсы тілдерін үйренеді.
Оқуын бітірген соң, басында мұғалім болып бала оқытады, кейінірек Қытайдағы Шәуешек қаласында орыс елшілігінде бірнеше жыл тілмаш болған. Сонан соң Алматы, Бішкек қалаларында әр түрлі қызметте болады.
Өмірінің соңына дейін заң саласында тергеуші, адвокат болып қызмет істейді.
Жас кезінен өлеңдерін Абайға еліктеп жазған. «Серікбай қажыға», «Байларға», «Қабдолла биге», «Тәрібек болысқа» т.б. өлеңдерінде Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиеті көрінеді.
Жастарды оқу, білімге шақырған «Ғылым туралы», «Еңбек туралы», «Шәкірттеріме» т.б. өлеңдерінде де Абайдың ағартушылық идеалары жалғасын тапқан.
Шығармашылығының алғашқы кезеңінде шығыс әдебиеті үлгілерінің әсері басымырақ болып, қисса жазған, араб-парсы сөздерін көп қолданып келген. Кейін Абайдан үйреніп және орыс классиктерінің шығармаларымен жете танысқан соң, халық өмірін шыншыл тұрғыдан көрсететін өлең-поэмалар жазып қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |