ШӘДІ ЖӘҢГІРОВ
(1855–1933)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ өңірі,
Қызметі: шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын.
ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы мен дамуына игі әсері өте зор. Ақын күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармаларды жазған. Оның діни-ағартушы екендігі шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табады. Өзінің төл өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбырлықтарды сынап отырады.
«Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бір молдаға» т.б. өлеңдерінде өмір шындығы шынайы берілген.
Шығармалары:
«Қисса Бәлғәм Бағур» (1910)
«Қисса қырық уәзір» (1911)
«Назым Шәhир дәуіріш» (1913)
«Хайбар қиссасы» (1913)
«Хикаят халифа hәрун Рашит» (1917) т.б.
Төлтума шығармалары:
«Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмынарлық қылған патшалардың тарихтары, hәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы» (1912)
«Келіннің бетін ашатын терме» (1915)
«Хикаят Орақ-Күлше» (1917)
«Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |