Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


Құбылтудың (троп) түрлері



бет107/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   122
Құбылтудың (троп) түрлері:
Метафора (ауыстыру); Метонимия (алмастыру); Кейіптеу (олицетворение); Аллегория (пернелеу); Символ (астарлау); Синекдоха (мегзеу); Сарказм (шенеу, мысқыл); Ирония (кекесін); Әсірелеу (гипербола); Литота Гротеск (Үлгайту) Табу Эвфемизм
Метафора (ауыстыру) - екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде жасалған астарлы, тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы: жастық оты, жүректің көзі т. б. (Абай).
Ақын - жел, есер, гулер жүйрік желдей,
Ақын - от, лаулап жанар аспанға өрлей.
Қиялы, жан, жүрегі ойнаған от,
Ақынды аласұртар, тыныtнтық бермей. (М.Жұмабаев)
• "Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл - құбылту, яки троп, " - деген пікірдің авторы: (3. Қабдолов)
Әдеби тілдегі құбылтудың бір түрі: (Метафора)
"Метафора" термині қай тілден алынған? (Грек)
• Метафораның ерекшелігі: (Затты, құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысқа балау)
•Екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз: (Метафора)

  • Жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі» деген мысалдар көркемдік тәсілдің қай түрі? (Метафора)

• "Құладын құстың құлы еді"
"Тышқан жеп жүнін түледі, " - деген жолдарданы Асан қайғының ойын жеткізу үшін қолданған көркемдік құрал: (Метафора)'>(Тұспалдап жеткізу)

  • "Сыртым күрыт жүзім - болат,

Тасқа шапсаң, майрылман" Ақтамберді ден алынған бұл өлең жолдарындағы асты сызылған: (Метафора)
• "Сен - бұзау терісі шөншіксің,
Мен - өгіз терісі талыспын." - деген Бұқар жыраудың өлеңінде кездесетін көркемдегіш құрал: (Метафора)
• Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды-ау,
Саған да менің арманым! (Махамбет) деген жыр жолдарындағы метафоралар: (Метафора)'>(Метафора)'>(Тарланым, арыстаным)
• "Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң. " (Абар) Көркем бейнелеудің түрі: (Метафора)
• "Күн - күйеу. жер қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті, " - деген Абай өлең жолдарындағы бейнелеу құралы: (Метафора)
"Көздің жасы, жүректің қаныменен,
Ерітуге болмайды іштің мұзын. " (Абай) Троптың түрі: (Метафора)
• "Сенсің - жан ләззаты,
Сенсің - тән шәрбаты.
Иісің - гүл аңқыған,
Нұрың - күн шалқыған, " шумағында қолданылған құбылтудың түрі: (Метафоралық эпитет)
• "Ойым - у, өмірім - су, үмітім- бу," - деген тіркесте Шәкәрім қолданған тәсіл: (Метафора)
"Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес." (Метафора)
Көркем бейнелеудің түрі:
• "Шыңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қаңбақ: " (1.Жансүгіров). Осы тармақта кездесетін тәсіл: (Метафора)
• "Қабаққа біткен қайыңның
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей-ақ аюдың
Әкемнен қалған көзі еді. " (І. Жансүгіров) Үзіндіде қолданылған бейнелеу тәсілі: (Метафора)
"Бұлбұлдың, дегусы көкте дамылдаған…
Тулпармын, топтан алған, тосырқаман…" (1.Жансүгіров "Әнші") Үзіндідегі көркемдегі құрал: (Метафора)
"Сом тұяқ тасты жарар сермегенде,
Жүйріктің нысаны кірер терлегенде,
Опечнен тоят іздеп түлеп ұшқан
Қыранмын қанат қақпас өрлегенде," - деген шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған? (Шашубай Қошқарбайұлы айтысынан). (Метафора)
"Бүтін дүние жүзінде,
Шөгіп жатқан мұнармын," (Сүйінбай) - деген тармақтағы құбылтудың түрі: (Метафора)
Ауыстыруды (метафораны) табыңыз.
Қыр төсінде мөлдір айдын - ақ сынап,
Жиегінде нсасыл кірпік - жас құрақ. (Ақ сынап, жас құрақ)
Метафораны табыңыз: (Жел - тым тентек бір бала)
• Метафораны табыңыз: (Дәулет - қызық, бала - бал)
• Сөзім - жаңбыр, даусым - дауыл, әнім - ескен,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп! Троптың түрі: (Метафора)
• Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар - менің таусылмайтын бақытым.
Ал ырысым ұлан-ғайыр кең далам. Үзіндідегі асты сызылған сөздер күбылтудың кай түрі? (Метафора)
•Төмендегі мысалдардан метафораға тәні: (Әйнегі - күн, шатыры - аспан)
Исатай - ел еркесі, ел серкесі. Троптың түрі: (Метафора)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет