Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет109/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122
Аллегория (пернелеу) -- жан-жануарларға адам мінез-құлқының сипаттарын беру. Түлкі - қу, қой - момын, қоян - қорқақ т. б.
•Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш құрал аталы: (Аллегория)
• Аллегорияның мағынасы: (Астарлы меңзеу)
Символ (астарлау) - әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Мысалы: көгершін - бейбітшілік символы.
• Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп, жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, тартымды тұспалмен түсіндіру қандай көркемдегіш тәсіл болып табылады? (Символ)
Екі ұғымның жақындығына қарай, ұқсастығына қарап бір сөздің орнына екінші сөзді ауыстырып қолдану тәсілі: (Символ)
Символдың мағынасы: (Ойды ашық айтпай, астарлап, тартымды тұспалмен түсіндіру)
Символ термині алынған тіл: (Грек)
"Отырмын теңіз бойында,
Ойнайды дауыл ойымда, " - деген тармақтарда кездесетін қабылтудың түрі: (Символ)
"Ай мүйізді қошқардың
Бөрі тартар қоңынан," - деген "Қыз Жібек" жырынан алынған жолдардағы көркемдегіш құрал: (Астарлау)
Синекдоха (мегзеу) - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолдану. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады (Мақал)
«Бүтіннің орнына бөлшекті немесе бөлшектің орнына бүтінді қолдану қалай аталады? (Мегзеу)
• Сорлы қазақ сол үшін, Алты бақан ала ауыз… Троптың түрі: (Синекдоха)
Сарказм (шенеу, мысқыл) - ащы мысқыл, кекесін, сықақ, келеке, гректің "шымшып тарту" деген сөзінен шыққан. Сөзбен түйреу, етке тіс батыру т. б. мағына береді.
• Кісі емес ел намысын ұққандай-ақ,
Ербиїп елсіз тауға шыққандай…
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен,
Он мата арқасына тыққандай-ақ.
"Біржан-Сара" айтысындағы Жиенқұл сипаттамасындағы көркемдік тәсіл: (Сарказм)
Ирония (кекесін) - сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану, сырттай жақсы баға берсе де, астарлап келекелеу, әжуалау.
Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әні, есіл ер.
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер. (Абай)
•Сатираның негізгі белгісі: (Өмірлің жағымсыз жақтарын күлкі ете, мысқылдай суреттеу)
•Иронияға тән ерекшелік: (Келемеждеу)
"Ирония" термині қай тілден алынған? (Грек)
««Ирония» термині білдіретін ұғым: (Ирония)'>(Кекесін мағынасында)
•Сөздерді қарама-қарсы мағынада - кекесін мағынасында астарлы келекеге
негіздеп қолдану тәсілі: (Ирония)
• Көрінсін Біржан салға ай секілді:
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламайтын тай секілді. Осы шумақта қолданылған көркемдегіш құрал: (Ирония)
•"Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: "Ондырган-ау баққан халқын!" _ деген жолдардағы көркемдеу тәсілінің түрі: (Ирония)
• Сөздерді қарама-ҡарсы, кекесін мағынасында қолдана: (Ирония)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет