Ежелгі грек философиялыќ мектептері мен баѓыттары


Киниктер идеясының дамуына жауап ретінде стоя философиялық мектебі (б.з.д 300 жыл) қалыптасты және дамыды



бет6/6
Дата15.11.2023
өлшемі0,76 Mb.
#123590
1   2   3   4   5   6

Киниктер идеясының дамуына жауап ретінде стоя философиялық мектебі (б.з.д 300 жыл) қалыптасты және дамыды.

«Стоя» - Афинада осы мектептің идеялары насихатталатын орынның – портиктің (үй алдында тіреуімен көтерілген, төбесі жабық, қабырғасыз қалқа) аты.

Стоиктер ғылымды жұмытқамен немесе бақшамен салыстыра отырып, барлық ғылымдарды үшке: логикаға, физикаға(натурфилософияға) және этикаға бөледі.

Стоиктер ғылымды жұмытқамен немесе бақшамен салыстыра отырып, барлық ғылымдарды үшке: логикаға, физикаға(натурфилософияға) және этикаға бөледі.


Стоицизм философиясындағы ғылымдар классификациясы:
Логика
Физика
Этика
Логика- бақшаның қақпасы, ал оның ағашы- физика, ағаштардағы жеміс – этика. Немесе, жұмыртқаның қабығы- локика, жұмыртқаның ағы-физика, сарысы-этика
Логика адасушылыққа жол бермей, философқа лайық білім беріп, ойлауға үйретеді, сондықтан логиканы білу қажет. Ал табиғатқа сәйкес өмір сүру үшін физиканы білу қажет. Этика бізді адамға лайықты тәртіпке үйретеді, сондықтан ол жоғарғы ғылым.
Космология және космогония
Дүниенің өзіндік дамуы циклді түрде іске асады. Әрбір цикл Әлемдік Өртпен аяқталады-бүкіл тіршілік өртеніп, дүние өртке айналады. Жаңа циклдің басында творчестволық от (барлық заттардың ұрығы бар логос) өзінің боынан төрт стихияны, ал ол төртеуінен- дүниедегі барлық денелерді жаратады.

Неоплатондық мектеп

Негізін қалаушы: Плотин немесе оның ұстазы Аммоний деп саналады.

Көрнекті өкілдері; Аммоний Саккас 175-242ж.ж

  • Плотин 205-270ж.ж
  • Порфирий 232-301ж.ж
  • Ямвлих 28/0-330ж.ж
  • Прокл 410-485ж.ж

Неоплатизмде Платонның тәндік-сезімдік дүние мен сезімнен жоғары әлемді қарсы қоюы шегіне жеткізіле дамытылды. Басты назар ақылдан және болмыстан жоғары түпнегіз туралы дүниеге бөлінеді. Платон сияқты неоплатинестер де бастапқы түпнегіз.

Философиялық көзқарастары

Біртұтас-Игілік деп санады. Ол ақылмен танылмайды ақылдан жоғары жоғары экстаз күйінде. Оның қандай екені туралы айту мүмкін емес – оның қандай еместігі туралы айтып терістеуші анықтамалар арқылы сипаттауға ғана болады.

  • Біртұтастың – (Игіліктің), Плотин сөзімен айтқанда ешқандай кемшілік жоқ ештеңені қажет етпейді. Біртұтас уақыттан тысқары, ол ештенеге ұмтылмайды, әрдайым мәңгі тыныштық күйді. Ол өзін өзі таным процесінсіз-ақ таниды. Өйткені ол үшін білімсіздіктен білімге көшу деген жоқ.
  • Біртұтас – Игілікті Плотин Күнмен салыстырады. Күннен сәуле тарағаны сияқты, біртұтас- Игіліктен эмоция арқылы идеялары (ұғымдары) бар Болмыс – Ақыл (Нус) туады. Осылайша бір жағынан, Ақыл – көптеген идеялары бар жиынтық болса, екінші жағынан, Ақыл біреу-ақ. Ақыл уақыттан тыс тіршілік етеді, өзін-өзі таниды және өз мазмұнын – идеяларды ойлай отырып, оларды жаратады. Бұл процесс ең жалпы идеялардан (болмыс, қозғалыс пен тыныштық, тепе-теңдік пен айырмашылық) басталып, олардан барлық басқа нәрселер туып жатады.

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет