Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері Ассоциациясы (АСЕАН) елдерімен қарым-қатынасы



бет133/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151
Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері Ассоциациясы (АСЕАН) елдерімен қарым-қатынасы.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы (АСЕАН) 1967 жылы 8 тамызда Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин мемлекеттері құрған халықаралық ұйым. Кейін ұйымның құрамына 1984 ж. Бруней, 1995 ж. Вьетнам, 1997 ж. Лаос және Мьянма, 1999 ж. Камбоджа кірді. АСЕАН құрылғаннан бастап саяси ынтымақтастық саласында келісімдер жасауға баса көңіл бөлді. АСЕАН елдерінің алғашқы екі кездесуі (1976 және 1977) осы ұйым қызметінің принциптерін жария етіп, адам ресурстарын дамыту, кедейшілік пен сауатсыздықты жою, есірткі саудасына жол бермеу, т.б. салада ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Ұйымға мүше елдер Оңтүстік Шығыс Азияда еркін сауда аймағын құруға талпыныстар жасап, арнайы келісімшарттарға отырды. Ұйым Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайын конференциялар өткізеді. 1993 ж. АСЕАН-ның аймақтық форумы құрылып, оған бақылаушы мемлекет ретінде Папуа-Жаңа Гвинея және екі кеңесшілік серіктес елдер – Қытай мен Ресей кірді.
Осы аймақтағы Қазақстанның сыртқы саяси қызметі интеграциялық процестерге белсенді түрде қатысуға Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі АСЕАН-ның аймақтық форумы Шанхай ынтымақтастық ұйымы және АҒСШК сияқты құрылымдар дейгейінде өзара іс-қимыл жасау көзқарасы тұрғысынан да Қазақстан үшін маңызды болып табылады.
Аймақтағы Қазақстанның ежелгі әріптестерінің бірі Вьетнам болып табылады, осы елмен Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында болған кездің өзінде сауда-экономикалық қатынастар орнатқан болатын. Вьетнам ҚР-дың тәуелсіздігін 1991 жылғы 27 желтоқсанда таныды. 1992 жылғы 29 маусымда екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1994 жылғы қаңтардың аяғында Алматыға Вьетнамның Сыртқы істер министрі Нгуан Мань Кам келді.
Малайзияның Қазақстанның елшілігі ашылған Оңтүстік Шығыс Азиядағы бірден бір мемлекет екені кездейсоқ емес. Біздің елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастар Малайзияның Сыртқы істер министрі Д.А.Бадауидің Қазақстанға сапары барысында 1992 жылғы 16 наурызда орнатылды.
Қазақстандық дипломатия Таиланд Корольдігімен саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қатысты жұмыс істеуде. Елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 6 маусымда орнатылды. Қазақстан Президентінің 1993 жылғы шілдедегі Таиландқа ресми сапары екі жақты байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет