Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды талдаңыз



бет134/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151
8. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды талдаңыз.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекет – Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деген Қазақстан халқына Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Қазақстан-Ресей қатынастары сенім мен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейінде тұр. Ресейлік бағыт – Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдығы. Қазақстан мен Ресей арасында сындарлы үнқатысу жолымен және өзара мүдделерді ескеру арқылы шешілмейтін проблемалар жоқ. Бұл саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелерге де қатысты. … Қазақстан мен Ресейдің ұстанымдары ұқсас әрі жақын» (ЕҚ, 2006 ж. 2 наурыз).
Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. 1994 жылғы наурызда болван ҚР Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі рөл атқарды, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді
Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген.
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Екі жақтың шешімі бойынша 2006 жыл Ресейде Абай жылы, ал Қазақстанда Пушкин жылы болып аталып өтті. Осы жылы Мәскеуде Абайға, ал Алматыда Пушкинге ескерткіш орнатылды. Ресейде Абай мұрасына арналған халықаралық конференция өткізілді. Мәскеуде және Ресейдің басқа қалаларында қазақстандық театрлардың гастрольдері болып өтті.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет