Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстанның Европа бағытындағы сыртқы саясатының басым бағыт екенін дәлелдеңіз



бет135/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151
Қазақстанның Европа бағытындағы сыртқы саясатының басым бағыт екенін дәлелдеңіз.

«Қазақстан ЕО-мен ынтымақтастыққа өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік және мәдени даму салаларында зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің еуропалық серіктестерімізге инвестициялық қызмет, ірі халықаралық жобаларды іске асыру, біздің елімізге озық технологиялар мен білімді тарту үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» (Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. ҚР президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – ЕҚ, 1 наурыз 2006 ж.).
Еуропалық Одақ (ЕО) әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. 370 млн. адамы бар біртұтас ішкі рынок жағдайында Еуроодақтың ішкі жалпы өнімі АҚШ-қа тең (5,5 трлн. доллар). ЕО -да тауарлардың әлемдік саудасының 40 пайызы және қызмет көрсету саудасының 30 пайызы шоғырланған, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеті АҚШ-тан кейін екінші орын алады.
Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрылықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процесіндегі ЕО-ның өсе түсіп отырған рөлі ЕО-ға қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. ҚР мен ЕО арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнатылды. 1993 жылы желтоқсанда Брюссельдегі Еуропалық Одақ жанынан ҚР-дың Өкілдігі ашылды. 1994 жылғы қарашада Алматыда Еуропалық комиссияның (ЕК) Өкілдігі ашылды.
2000 жылы ЕО өлдерімен сауда көлемі 3 млрд. долларды құрады (21,8 пайыз), оның ішінде экспорт – 2 млрд. жуық доллар, импорт - 1 млрд. доллар. Біздің еліміздің экономикасына Еуропалық Одақтың тікелей инвестицияларының үлесі шамамен 22 пайыз
Энергетикалық ресурстардың ірі тұтынушысы ретінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы мүдделілігі үлкен. Болашақта энергоресурстарды тұтынудың болжамданатын өсімін ескере отырып, ЕО энергия көздерін ендіруге, мұнай және газ құбырлары желілерін құруға байланысты инвестициялық жобаларға қатысуға зор көңіл бөлуде.
Қазақстан мөн ЕО арасындағы техникалық ынтымақтастық сондай-ақ басқа да бірқатар бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда, мәселен; ИНТАС (ТМД елдерінің ғалымдарын қолдау жөніндегі халықаралық қауымдастық), КОПЕРНИКУС, Европартенариат және т.б.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет