Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстанның шет елдердегі қазақ диаспорасымен байланысын баяндаңыз



бет149/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
23. Қазақстанның шет елдердегі қазақ диаспорасымен байланысын баяндаңыз.
Қазақстан тарапы шекаралас облыстардың азаматтары үшін шекарадан өтудің жеңілдікті режимін қарастыруды ұсынуда. Түрікменстанда тұратын қазақ диаспорасының саны 90 мыңға жуық адамды құрайды, мұның өзі ел халқының 2 пайызына сәйкес келеді. Түрікмендік өкімет органдары қазақтарға оң көзқарас танытуда. Қазақ тіліндегі мектептер жұмыс істеп тұр. Қазақстанға қоныс аударғысы келетін адамдарға кедергі келтіріп отырған жоқ.
ШЕТ ЕЛдегілердің бір-бірімен БАЙЛАНЫСЫ:Еуропа қазақтары жылына бір рет дәстүрлі Кіші құрылтайын өткізеді. 2007 жылы Мюнхенде, 2008 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында өтті. Мысалы, Мюнхенде Еуропаның 10 елінен екі мыңға жуық қазақ жиналды. Норвегияда он екі қазақ отбасы ғана тұрады. Еуропа қазақтары соның өзінде жиналды. 600 қазақ бас қосып, құрылтайды ойдағыдай өткіздік. 600 адамды 12 отбасы күтіп алды. Міне, нағыз қазақтық сезім, ұлттық мінез деп осыны айт. Қазақстаннан 25 адам барды. Оның ішінде әншілер, депутаттар бар.
Қауымдастық жанынан «Алтын бесік», «Туған тіл» журналдары, «Шалқар – 2» газеті, т.б. басылымдар шығады.
ҚАНДАСТАР:Соңғы 10 жылдың көлемінде 1 миллионға тарта сырттағы қандастарымызды көшіріп алдық. Елдегі қазақтардың үлесі 62 пайызға жетіп отырса, ол сол ағайындардың арқасы. Алыстағы ағайындар біздің генефондымыз. Олар біздің санымызды арттырады, сапамызды байытады, тілімізді көркейтеді. Біз оларға осындай көзқараспен қарауымыз керек.
Экономикалық жағдайы қиын, қазағы көп Өзбекстаннан көш әлі де ағылып жатыр. Ресейдегі қазақтар тапжылмай сол күйі отыр. Жуық арада қозғала қоймайтын да шығар. Өйткені, экономикалық ахуалы жақсы, ешкімнен қысым көріп отырған жоқ. Шекарадан визасыз кіріп-шығып, бауыр-туысымен араласып, құдандалы болып жүре береді. Ал Қытайдағы жағдай мүлде басқа... Бірен-саран болса да, елге оралып жатыр. Әйтеуір көш біржола тоқтаған жоқ. Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Сауд-Арабиясы секілді елдердегі бауырларымызды түгелге жуық көшіріп алдық. Моңғолиядағы қазақтардың біразы қотарыла көшкен. Моңғолия мен Қытайдағы қандастарымыз ата-бабасының туған жерінде отыр. Олар қоныстанған аймақ байырғы қазақтың даласы.
«Нұрлы көш» бағдарламасын іске асырамыз деп жұмыс бастап жатқан Бердібек Сапарбаев сынды министрлеріміз бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет