Негізінен сарайлардың қабырғаларында құдайлардың емес, патшалардың және оның туыстарының бейнелері жиі бейнеленген.
Кушандықтар Ұлы Жібек жолы бойында үлкен сауда жасады. Металдан тұрмыстық заттар мен сәндік бұйымдар жасады. Кушандықтар садақты бес бөліктен, ерекше қылып жасаған Бұл садақтың түрі Иран,Үндістан, Қытай да белгілі болды. Метал бұйымдар, қару-жарақтар, бағалы тастар, қойдың терісі мен жүнін Қытай, Үндістан, Египет, Римге өткізді. Кушандықтар әр түрлі діни көзқараста болды. Көпшілігі заратуштралық ілімді ұстанды. Кушандық дәуірде дүниеге келген – манихей діні. Заратуштра, будда, манихей діндері – кушан елінде қатар өмір сүрді.
Б.з.д. III ғасырда Бактрияның батыс жағындағы құрылған қуатты патшалық – Парфия болды. Оның негізін Аршак атты көсем қалады. Парфия Римнің басты бәсекелесіне айналды. Парфияның басқару жүйесінің басында Аршак әулетінен шыққан патшалар тұрды. Олардың басқару жүйесі ахемендік парсыларға ұқсас болды. Мемлекеттің жері бірнеше әкімшілік аймақтарға бөлінді. Оны сатраптар басқарды. Көбіне олар патшалыққа тәуелді бола бермеді. Парфия бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекет бола алмады. Б.з. I ғасырдың ортасында Рим Кіші Азия мен Сирияны жаулап алғаннан кейін, Парфияның Рим үшін басты кедергі екенін түсінді. Сөйтіп, парфиялықтар мен римдіктердің әскерлері б.з.б 53 жылы солтүстік Месопотамия жерінде Карра қаласының түбінде кездесіп шайқасады. Ауыр қаруланған парфиялықтардың ат-әбзелдері мен сауыт-саймандары озық еді. Рим қолбасшысы Красс парфиялықтарды жазықтан қоршауға алды. Ал жазықта Парфия әскерінен мықты соғысатын армия жоқ болатын. Мыңдаған әскер қаулап шыға келіп, жауға қарай жебені қардай борататын. Ал римдіктер әскері өзара арасы тығыз, жиылып тұратын. Парфиялықтарға керегі осы еді. Ауыр да қатты соққыдан жау сескене, шегініп, қаша жөнелетін. Осы шайқасқа Красс қырық мыңдай әскерімен кіріп, оның отыз мыңынан айырылды деседі. Б.з. II ғасырдың басында әлсіз елге айналған Парфия жеріне Рим әскерлері басып кірді.
Грекия – Балкан түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Балкан түбегін айнала Эгей, Ионий және Жерорта теңіздері қоршап жатыр.