Майкл Фэлпе дене
құрылымының сараптамасы
Майкл Фэлпс – атағы жер жарған әйгілі атлет. Әлемнің
26 дүркін, Олимпиаданың 23 дүркін чемпионы. Нағыз
жеңімпаз. Медаль саны бойынша абсолютті рекордсмен.
Бір ел болып 7 алтын алып жүргенде, жалғыз өзі 7 алтын
алған жүзуші. Қарапайым халықтан бастап, арнайы ма-
мандарға дейін оның құпиясын зерттеген. «Майкл Фэлпс
дене құрылымының ғылыми сараптамасы» атты мақала
да оның жетістігінің себебі дене бітімінің ерекшелігінде
дейді. Бойы 1,93 метр болса, қолын ашқандағы екі алақа-
нының арасы 2 метрден асады. Оның үстіне денесі ұзын,
ал аяқтары қысқа екен. Жазылған деректердің растығына
шүбә келтірмеймін. Бұл жердегі мәселе – осы ақпараттың
оқырманға әсері. Бұны оқыған адам қандай ойға келеді?
Сен қандай ойға келдің? Кішкене үзіліс жасап ойланшы,
өз-өзіңе сұрақ қой. Бұл мәселені де зерттеген екен. Атал-
мыш деректері бар ақпаратты оқыған адамдардың басым
бөлігі атақты адамдардың жеңіске жетуі көктен келген
бір сый деп ой түйеді. Яғни, осындай жеңіске жету үшін
менің де денем осындай болу керек деп ойлаймыз. «Әт-
тең, Құдай ондай мүмкіндік бермеді…» – деп ары қарай
тырысып жүре береміз.
Бұның басқа да нұсқалары болуы мүмкін. «Менің он-
дай таныстарым жоқ», «Ол – байдың баласы», «Кішкен-
тайынан мектепте жақсы оқыған» және тағы сол сияқты.
Өзімізді барынша сол жеңіске жеткен адамға ұқсатпауға
тырысамыз. Ұқсастық болып қалса қайталау керек қой.
Жасау керек болады. Ал тырысып жүре берген ыңғайлы,
жайлы.
Тереңдеу ойланып қарасақ, көп жеңімпаздың құпи-
ясын талантқа не дарынға ысырып тастайды екенбіз.
Фэлпстің тәуліктің жартысынан көбін жаттығумен өт-
кізетіні орынсыз. Мәселе денесінің диспропорциясын-
да. Расында солай болса, талай денесі диспропорция
адамдар жеңімпаз болып кетпей ме? Бұндай мысалдарды
шексіз жалғастыра беруге болады: Усэйн Болттың тізе-
лері бірдей екен, Головкиннің жүрегі асинхронды жұмыс
істейді екен, Витастың кеңірдегінде ақау бар екен…
Ал «жасау» мен «тырысудың» ара-жігін ажырататын
не? Қандай қабілет не қасиетке ие болсақ қана біз «ты-
рысу» фазасынан «жасауға» ауыса аламыз? Әбден бір
сиқырлы «дәрі, бейне бір панация» іздеп үйреніп қалдық
қой. Ондай абсолютті зат жоқ, бірақ маңызы орасан бір
110
құбылыс бар. Ол – жауапкершілік. Біріншіден, оның та-
биғатын толық түсіну кейін оны мойындау маңызды.
Жаздың ба? Онда кеттік! Өкінішке орай, жауапкер-
шілік бақылау бар кезде ғана пайда болатын құбылыс
болып кетті. Уақыт өткен сайын жауапкершілік әдеттегі
қабілеттен сирек кездесетін санатқа ауысып барады. Әр
басшының топ сұрауында жүреді. Бұл ұғымды Стивен
Ковидің сөздерімен, ойларымен ашып көрейін. Оның
пайымдауынша, адамдар екіге бөлінеді: реактивті және
проактивті. Реактивті адамдар әдетте көп болады. Олар-
ды басқару оңай. Ең бастысы, олардың шешіміне және
өзіне бір фактор әсер етеді. Мысалы, реактивті адам бір
тренингке барамын деген күні қатты дауыл болып кет-
се, оның шешіміне бірнеше фактор әсер етеді. Ауа райы
жылы болса, баратын едім. Ақша төлегендiгi не сомасы
тегін болса, бірден үйде қалады. Төлеген ақшасы қалта-
сына ауыр болса, барудың амалын жасайды. Қысқасы
әсер ететін фактор көп және олар сырттан келеді.
Проактивті адамның шешім қабылдауы, керісінше
ішкі күштерге сүйенеді. Ол адам құндылықпен жүреді.
Қандай дауыл болса да, ол білім алу деген құндылықтың
себебімен барады. Байқасаңдар, реактивті адам жауап-
кершілікті өзге күштерге сілтей салады. «Менен басқа-
ның бәрі кінәлі» позициясынан таймайды. Ал проактивті
адам, олай болмаса да, жауапкершілікті бір өзінің мой-
нына алады. Сол себепті де ол жасайды. ТЫPЫСПАЙ-
ДЫ. Проактивті ұстазға бір мысал келтірейін. Үлкен оқу
орнында бір топ «нашар» бала болады. Олар ешқандай
сабаққа толық қатыспайды, тапсырма орындау атымен
жоқ. Барлық өзге оқытушылар (реактивті) олардан үміт
үзген: «Бұлардың тәрбиесі жаман, оқыту мүмкін емес.
ТЫҢДАМАЙДЫ» дейді. Ал проактивті оқытушы: «Жоқ,
МЕН оларды ТЫҢДATА АЛМАЙ жатырмын» деп күнде
балалардың жүрегін жаулауға және шырағын жағуға ты-
рысады. Нәтижесінде, әлгі бір «құмалақ» оқу орнын ең
үлгілі түлек ретінде тәмамдайды.
«Тырысушы» жауапкершілікті өзгелермен бөлісіп
жүрсе, яғни, нәтижесі болмаса өзгені айыптайды. Ал
«жасаушы» жауапкершілікті ешкіммен бөліспейді, жа-
ман нәтиже көрсетсе де, тек өзінің аз жұмыс істегенді-
гінен, ізденгендігінен, оқығандығынан, сұрағандығынан
көреді. Ал марапат не мақтауды бөліскенде жағдай
керісінше. «Тырысушы» бар мақтауды, атақ-абыройды
өзіне қарай тартады, ал «жасаушы» өзгелермен бөліседі.
Жоғарыдағы мысалдан көріп тұрғанымыздай, көп «ты-
112
рысушыдан» пайда аз. Бір «жасаушы» оң және түбегейлі
өзгеріс жасай алады.
Татьяна Черниговская
44
айтпақшы, біздің тіліміз – ішкі
ұстанымдарымыздың көрінісі. Басқаша айтқанда, «жа-
саушы» не «тырысушы» ұстанымын ұстап жүргеніміз
біздің айтқан сөзімізден білінеді.
Баршамызға таныс тағы бір мысал келтірейін. Өткен
ғасырдың соңында талай компания нарыққа серпіліс әке-
летін өнім жасағысы келді. Бірақ көбі тек тырысып жүрді.
Ксерокс компаниясы «мышка», тағы бір компания интер-
фейс жасап тырысты. Ал Apple сол тырысулардың басын
қосып жасай салды. Сөйтті де, алғашқы Макинтошты
нарыққа әкелді. Сенсорлы телефонды бірінші болып жа-
сауға тырысқан – Nokia. Ал жасаған – Apple. Facebook-ке
дейін әлеуметтік желі болды. Whatsapp-қа дейін мессен-
джер болды. Олар тырысты, біз білетіндер жасады. Жаса-
уға тырысу бар. Жасау бар. Таңдау – Сенікі!
Қоғамдағы көптеген ақпарат не адамдар бізді ты-
рысуға ғана итермелейді. Тырысқанды марапаттайды.
«Талпыныс» бағаланады. Ал өмірде ол есепке алына ма?
Мынау он рет банкрот болды екен деп мойындай ма?
Форбсқа шығара ма? Тек жасағанда шығарады. Ал жасау
үшін еріксіз олқылықтарынан үйренді. Тек бізге сырттай
тырысу болып көрінеді. Қанша жолы болмаса да, қайтпа-
ды дейміз. Сөзсіз, бірақ ол тырысып жүрмей бірден жа-
саса ше? Бірден жеңіске жетуі мүмкін бе? Менің ойым-
ша, біз өмірден таяқпен ғана сабақ алып үйреніп қалдық.
Әрине, ол таяқ та бірдеңе үйретеді. Мәселе көпшілігінің
сол таяқтан ес жия алмай қалатындығында.
НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖАСАЙМЫЗ? Бір байқағаным
көбіміз шартты сөйлемді қажетінен көп қолданамыз.
Мысалы: «Егер жаңбыр жауса, өзіммен қолшатыр алып
шығамын», «Егер көлік алсам, аяқ киімім таза болады.
Әзірше автобуспен жүрмін, сондықтан аяқ киімім кір»
дегендей.
____________
44
Татьяна Черниговская – психолингвистик, нейроғылым мен сана-сезім теориясының
кеңестік және ресейлік ғалымы, биология ғылымдарының докторы, профессор.
Тағы бір өмірден алынған жақсы мысал. Бизнестегі
әріптесім Айдос мырза кезінде мұғалім болып, универ-
ситетте дәріс берген. Оған қоса жеке бизнесі де болған.
Мұғалімдердің қасында журнал, кілт таситын көмек-
шілері жүреді екен. Бір күні Айдос мырза кілтті күтіп
ұзақ тұрды. Әлгі көмекші қыз әлі жоқ. Айдос мыр-
за көмекшісіне кілт алуға өзі барса, ол қыз Internet-тен
жұмыс іздеп отыр екен. «Маған басқа жұмыс керек еді,
қазіргі айлығым 60-ақ мың» дейді. Сол кезде Айдос мыр-
заның келіп, маған айтқаны: «Қуаныш, компанияма жақ-
сы хатшы қыз іздеп жүр едім, айлығы 120 мың. Әтте-
ген-ай, университетте маған көмекші болып жүрген қыз
жұмысына тиянақты болғанда, оны алар едім». Көрдіңіз-
дер ме? Егер, Айдос мырзаның көмекшісі сол кезде жұ-
мысын жауапкершілікпен орындаса, басқа жұмысқа да
тұрар еді, айлығы да жоғары болатын еді.
АҚШ-тың Әскери-теңіз флоты генералының лекция-
сы бар. «Егер сен әлемді өзгерткiң келсе, өзіңнен баста.
Әлемді өзгертуді, төсегіңді жинаудан баста» деген. Кіш-
кентай нәрсені дұрыс жасамаған адам, үлкен нәрсені де
дұрыс жасамайды.
Шартты сөйлемді бастан шығарып тастау керек.
Айтпақшы, осы лекцияны YouTube-қа кіріп, қарап ал.
«Если ты хочешь изменить мир, заправь кровать» деп
аталады. Ол үшін мына берілген QR кодты сканерлеу
жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |