Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет42/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

СЕНДЕ БІЛІМ БАР МА, 
ӘЛДЕ ЖАЙ ҒАНА КРУГОЗОР МА? 
 
БІЛІМ – ол қараңғылықты жарық қылады, бізді алға 
жетелейді деп айтамыз. 
 
Қазіргі заманның дерті – адамдар тренингтен тре- 
нингке баруға, ақпарат жинауға құмар, көп кітап оқиды. 
Бірақ, оны қолданбайды. 
Жалпы, бұл ойға мені өмірдегі бір оқиға жетеледі. 
Бірде жұмыс бабымен бір ғимаратқа кіріп барғанымда, 
күзетші жігіттің бизнеске қатысты, қабылдануы ауырлау 
болып келетін, кәсіпкерлерге негізделген кітапты оқып 
отырғанын байқадым. Сол кезде, осындай мықты кітап- 
тың бұл жігітке неліктен көмегі болмады екен деп ойлан- 
дым. Кейін түсіндім, білім мен кругозор екеуі екі бөлек 
нәрсе екен. Қолыңа кітап алған кезде, «бұл ақпарат маған 
білім бола ма, әлде менің кругозорыма кетеді ме?» - деп 
өзіңе сұрақ қой. 
Егер оқыған кітабыңды пайдалансаң, ол сенің бір 
сұрағыңа жауап тауып берсе, мәселеңді шешсе, бұл – 
білім. Ал егер де әр түрлі ақпаратқа басымызды толтыра 
берсек, үйренуге, білуге құмар болып, оны шынайы өмір- 
де қолданбасақ, ол жай ғана кругозор болып қалады. 
Мысалы, PR-директорымыз Айна ханымға Астана 
қаласынан ашылатын мейрамхананың басы-қасында 
болып, оның салтанатты түрде өтуіне тапсырма бердім. 
Айнаның көздерінен тапсырған жұмыстың қолынан 
келіңкіремейтінін байқадым. Мен оған кітаптар тізімін 
беріп, оқып шығып, содан сұрақтарға жауап табаты- 
нын айттым. Айна ханым болса: «Қуаныш мырза, мен 
ол кітаптарды оқып қойғанмын», – деді. Ал менің оған: 


106
«Сіз бұл кітаптарды кругозор үшін оқығансыз, ал қазір 
алдыңызда нақты тапсырма тұр. Ал оның шешімін сіз 
нақ осы кітаптан тауып аласыз, сол кезде ол сізге мүлде 
басқаша көрінеді», – деп жауап бергенім бар, кейін баяғы 
оқылған кітаптар кругозор емес, білімге айналды. 
Тағы бір мысал ретінде, «Versus» академиясындағы 
сату бөлімінің басшысы Ардақ ханымды айтқым келеді. 
Жұмыс барысында ол маркетинг бойынша келген лид- 
тарды саудаға айналдыруға қатысты кітап оқып жүр екен. 
Ол кітаптың Ардақ ханымға пайдасы тиеді, себебі, оның 
қазіргі таңда алдында үлкен проблема тұр. Оқыған-біл- 
генін қолданса, ол проблемасын шешеді және өзіне пай- 
далы білім алады. 
«Rumi»-ді бастағанда Йона Бергердің «Заразитель- 
ный» деген кітабын оқып, содан білім алғанмын. «Rumi»- 
дің философиясын құруда ол кітаптың маған үлкен пай- 
дасы тиді. Бір жігіт маған: «Екеуіміз бірдей кітап оқимыз. 
Неге ол кітаптың пайдасы саған тиеді, ал маған тимейді» 
дейді. Өйткені мен кітапты сұрағыма жауап алу үшін оқи- 
мын. Бұл өте маңызды мәселе. Қолыңа кітап алған кез- 
де немесе Google-дан ақпарат іздеп, YouTube-тан видео 
көрген кезде, оның білім бе, әлде кругозор екенін ажы- 
рата білу керек. Шымбұлақта шаңғы тебуді үйренгенім 
бар. Сол уақытта Youtube-тан шаңғы тебудің техникала- 
рын үйрену туралы видеосабақтар қарадым. Егер де мен 
оны Шымбұлаққа шаңғы тебуге барған кезде емес, жазда 
көрген болсам, ол мен үшін жай ғана кругозор болып қа- 
латын еді. Ал алдымда нақты мәселе туындағандықтан, 
шаңғы тебуді үйрену мен үшін білім болды. 
Қолыңа кез келген кітапты алғанда, «бұл маған білім 
бола ма, әлде оқыған он кітабымның тағы біреуі бола 
ма?» – деп ойлан. Сондықтан кругозорыңды үлкейте бер- 
мей, нағыз білім жина. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет