KITAП ОҚУ ШЕБЕРЛІГІ
Бернард Шоудан
40
: «Сіз бос уақытыңызда не істей-
сіз?» – деп сұраған болу керек. «Бос уақытымда
серуендеймін, ұйықтаймын, достарыммен пікірлесе-
мін», – деген екен. «Сонда қашан кітап оқисыз?», - дей-
ді сұхбат алушы. «Шоу: Кітап бос уақытта оқыла-
тын нәрсе емес, оған арнайы уақыт бөлемін»,
– деп жа
уап берген екен.
Аптасына бір кітап оқимын деп нысана қойған адам,
ең азы, бір жылда елу кітап оқиды. Бір сала бойынша
кітаптарды үздіксіз оқу әдетке айналса, бірнеше жылда
сен сол саладағы сарапшы болып шығасың. Ал түбегейлі
білімнің адамды өмірдің кез келген саласында алға же-
телейтін қуатты күш екенін айтудың қажеті жоқ шығар?
Батыс мамандары дабыл қағады: «Ақпарат қай салада да
тез дамып жатыр. Бәсекеге қабілетті болу үшін тұрақты
түрде оқып отыру керек». Бізде дәл сондай бәсекелестік
жоқ. Басқа елдерге қарағанда, біздің адамдардан жеңіске
жету үшін сұралатын
дүние аса көп емес. Біз-
де өзгелерден сәл ғана
көбірек ізденсең, өзге
лерден оқ бойы озық
тұрасың. Бастысы, ны-
санаңды таңдау, өзің
бірінші болатын саланы
анықтау. Мысалы, біз
Астана қаласында мей-
рамхана аштық. Қасын
да он бес мейрамхана
бар. Ал «Rumi»-ге кезек
қандай? Өзіндік фиш-
каң болса, бәрі болады.
____________
40
Марнард Шоу – ағылшын жазушысы. Нобель сыйлығының лауреаты (1925).
Фишка табу үшін көп дайындық керек. Бір салаға қатыс-
ты оқи берсең, ұңғыл-шұңғылын еріксіз біліп аласың, се-
нен асқан сарапшы маман табылмайды.
Кітап оқу – жеңіске жететін, жолы болғыш адамдар-
дың әдеті екен.
«Жеңіске жеткен адамдардың кітапханасы үлкен бо-
лады, ұтылғандардың теледидары үлкен болады» деген
екен Дэн Кеннеди
41
. Адамның не тұтынатындығына қа-
рап, оның кім екенін айта аласың.
Стамбұлға барған соң, біраз уақыттан кейін эйфория
тарады. Шет елді көріп, бизнес жасайтынымды білдім.
Сөйтіп, бизнес туралы оқи бастадым. Стипендиям жүз
сексен түрік лирасы (сол кездегі курспен) теңгемен он
сегіз мың шамасында. Оның жартысын кітапқа жұмсай-
тынмын. Жүрген жерде кітап қарап жүру әдетім, әлі де
бар. Басқа елдерге, бөтен қалаларға барғанда да менің
шоппингім кітап дүкенінен басталады не онымен аяқта-
лады.
Мысалы, Мәскеудегі «Библио-Глобус» дүкенінде күт-
пеген жерден, өзіңе нағыз керек кітапты тауып алуға
болады. Әдетте ойыңды басқа жаққа бұрып жіберетін,
демек, бизнесіңе де жаңалықтар әкелетін кітаптарды та-
басың. Белгілі маркетинг профессоры Иона Бергердің
42
«Заразительный. Психология сарафанного радио. Как
продукты и идеи становятся популярными» деген кітабы
мен үшін сондай табыс болды. Онда айтылатын сарафан-
дық радио принципін «Rumi»-дің маркетингіне негіз етіп
алдық.
Мен оған дейін-ақ өзімді білімді санап, осы істі бастай
беруіме болатын еді. Маған сенген адамдар болды. Ақша
салынып тұр. Біреудің ақшасы. Ештеңең кетіп жатқан
жоқ. Егер сондай логикада ойлаған адам болсам, «Rumi»
жертөле де сасыған көп дәмхананың бірі болып, екі ай-
дан кейін жабылып қалар еді.
____________
41
Дон Кеннеди – кәсіпкер, 13 бизнес-кітаптың авторы. Маркетинг жөніндегі кеңесші
және копирайтер, кәсіпкерлер үшін топтық тренингтердің авторы және жетекшісі.
42
Иона Бергер – Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебіндегі маркетинг
профессоры. «Темір профессор» атағын алған.
100
Менің ойымша, мінсіз адам жоқ. Сен де осы ойға
өзіңді сендір. Өзінді қанша жақсы көріп, ең ақылды,
бәрін білетін, кітап оқымай-ақ жеңіске жете алатын адам
деп санап тұрсаң да, аспандағы қиялынды жерге түсір.
Идеал емессің. Менің түсінгенім, адамның ең ғажайып
қасиеті, оның идеалдылығы емес. Өзгеруге, өсуге, білім
алуға әзірлігі. Қазір мінсіз болмаса да, келешекте оған
ұмтылатын, сол жолда көп оқуға, ізденуге дайын адам-
мен бағытымыз бір деп санаймын.
Брайаи Трейси «Достижение максимума. 12 принци-
пой» деген кітабында мынадай ой айтады: «Зерттеулер-
ге сенсек, ең табысты америкалықтар жылына 70-тен
аса кітап оқиды. Кедей америкалықтар мүлде оқымай-
ды. Мүмкін, барлық оқырмандар лидерлер емес шығар.
Бірақ барлық лидерлер – оқырмандар». Қарап отырсаң,
лидерлікке жетелейтін қарапайым жол – кітап оқуды
әдетке айналдыру.
Әдетке айналу үшін ол күнделікті оқылуы керек. Де-
мек, күн тәртібінде кітап оқуға уакыт бөл. Уақыт кымбат,
бірақ мақсатсыз өткен уакыттан гөрі оқумен өткен уақыт
бағалы. Сонымен, кітап оқуға қанша уакыт бөлу керек?
Ересек адам үшін орташа оқу жылдамдығы минутына
200-250 сөз иемесе минутына екі бет. Егер бір аптада бір
кітап оқу міндет болса, кітаптың көлеміне қарай, күніне
20- 40 бет оқысан жеткілікті. Ал күніне жиырма бет де-
генің, он-ақ минут. Қырық бет дегенің, жиырма минут.
Өте баяу оқырмансың деген күннің өзінде, күніне жарты
сағат жеткілікті. Ұйықтар алдында жарты сағат кітапқа
көңіл бөлу қиын ба? Бастапқы күндері қиналарсың, ал
әдетке айналған соң кітапқа қолың жүгіріп бара жатқа-
нын өзін де байқамай қаласың.
Қазір мен жылына елу, алпыс кітап оқимын. Бұрын
дебатқа қатысқанмын, облыстың чемпионы да болдым.
Пікірталастың бір кереметі, пікіріңді дәйектеуге үйре-
теді. Демек, неғұрлым көп окуың керек. Содан қалған
әдетте шығар, бірер жыл бұрын көбіне әдебиет, тарих,
теология туралы көп ізденетінмін. Күндердің күні «осы
мен не үшін кітап оқимын?» – деген сұрақ туды. Сәл ой-
ланып қарасам, жарыс үшін сияқты. Өйткені, оқығаным,
білімім басқалардан артық болу үшін, басқалардың аузын
жабу үшін керек сияқты. Сол ойдан өзімді ұстап алдым.
Стоп, Қуаныш! Одан кейін келесі кезеңге өттім.
Жұмыс үшін оқуыма тура келді. Мұнда алгоритм
басқа: оқыдың > іске асырдың > нәтижесін көрдің > қуат
алдың/шабыттандың > басқа кітап оқыдың. Сондықтан
маған кітап оқу қиын емес. Бәрі өзіңе байланысты.
Қазір менің негізгі мақсатым оқу емес, оқығанды іске
асыру. Бизнеске, өміріме пайдалы әрекетке негіз іздеу.
Сондықтан жақсы идея, мені қызықтырған сұраққа жа-
уапты көрген бетте... кітаптың бетін жабамын. Солай, мен
оқыған кітаптың тоқсан пайызы бітпеген. Ойды алдым.
Бітті. Кітапты оқып бітіру маңызды емес. Есесіне осы
техниканың арқасында бизнесіме де, өзіме де көп идея-
лар алдым, алға жылжыдым. Оған мысал көп. Мәселен,
ұжымдағы басты адамдарды қалай қызықтыру керегін
ойлап жүрдім. Сол кезде бізде мейрамхана басқарушы
директоры болды. Онда бекітілген жалақы, айналымнан
проценттер, тағы да басқа игіліктері бар еді. 2015 жылы
Стамбұлға барғанда, осы тақырыпта 150 долларға кітап
алдым. Мақсат айқын еді – жаңағы адамды мотивациялау-
дың жолын табу. Алматыға келіп, кітаптарды ақтарып
отырғанмын. Алғашқы кітап, алғашқы бөлім, алғашқы
абзац: қызметкерлеріңізді партнер (серіктес) қылыңыз
дейді. Бұл миллиардер, әлемдегі ең бай түрік, банкир
және бизнесмен, Гарвардтың МБА түлегі Хусейн Озйе-
геннің
43
кітабы болатын. Мұндай адамға қалай сенбей
сің? Оның принциптері дұрыс болмаса, соншама жеңіске
қалай жетер еді? Кітапты жаба салып, іске кірістім. Нәти-
же де жаман болған жоқ. Біз жаңағы адам, операциялық
кірістің проценттерін алады деп келістік. Келесі айда
___________
43
Хусейн Озйеген – миллиардер, әлемдегі ең бай түрік, банкир және бизнесмен.
Гарвардтың МБА түлегі.
102
оның жалақысы 100 мың теңгеге көбірек болды. Бірақ
сонымен бірге, ол 800 мың теңге үнемдеді. Демек, біздің
табыс ай сайын 700 мың теңге еді. Міне, қандай жақсы
инвестиция – 150$ салып, 700 мың теңге пайда табу.
Біздің «Rumi»-дің негізгі ерекшеліктерінің біріне ай-
налған Masstige – ол да кітаптан алынған ұғым. Бұл қол-
жетімді (mass) және беделді (prestige) деген категория-
ларды біріктіреді. Оны әдетте косметикалық брендтер
өте жақсы пайдаланады. Nivea, L’Oreal, MaXFactor – осы
салада өзін дәлелдеген брендтер. Бір қарағанда қымбат
та емес, бәрінің қолы жетеді, қалтасы көтереді. Және са-
тып алуға да ұялмайсың. Merсі – қонаққа барғанда сатып
алғанды жақсы көретін тәттілеріміз. Сол 1500 теңгеге,
«құрқол бармас үшін» дейтін одан басқа, жақсырақ дү-
ние сатып алуыңыз неғайбыл.
Сөйтіп, «Rumi»-де осы техниканы пайдалануға
талпындық. Біздің кейбір нүктелерімізде орташа чек
«Starbucks»-тан арзанға шығады, бірақ онда қандай
жағдайда да, кіммен де баруға ұялмайсың. Достарыңыз-
бен кездесуге де, құдалық жасауға, сүйіктіңді кешкі асқа
шақыруға, шетелдік қонақтарды күтуге, іскерлік кездесу
ұйымдастыруға да болады. «Би түсетін үй» деген ұғым
бар қазақта, біз сондай, министрді де күтуге болатын
орын жасадық
Әдетте, «Masstige» категориясындағы бренд қалып
тастыруда антураждың орны орасан: «упаковка»,
«подача», т.б. Арзан бағада ұсынған күннің өзінде, та-
уарды біздікінен үш есе қымбатқа сататын әріптестеріміз
секілді «упаковать» етіп беруіміз керек. Осы техника
бизнес әлемінде 2003 жылдан бері бар. Неге бізде ешкім
қолданбайды? Көрмей, білмей жүр ме? Меніңше, бізде
бизнес жасауды ақша салу, сосын күреп ақша табу деп
қана түсінетін секілді. Бизнес жасау үшін білім кере-
гін, әлемдегі үздік идеяларды кішкентай кәуапханада да
қолдануға болатынын білмейді. Білмейді емес, білімнің
маңыздылығына мән бермейді.
|